АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӨКІЛІ ӘСКЕРИ БӨЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ УАҒЫЗ-НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

17 мамыр 2024 399 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов Астана қаласы Дін істері басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөліміндегі жиынға қатысты.

Сондай-ақ кездесуге Мақсұт Нәрікбаев университеті Ислам және қазақ құқығы орталығы директорының орынбасары Жалғас Сәдуақасұлы мен Діндерді зерттеу орталығының теологы Арман Нұрахметұлы қатысты. Деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстарында әскери мамандарға спикерлер тарапынан құнды мәліметтер жеткізіліп, ел тыныштығын күзету мен отан қорғаудың асыл дініміздегі орны туралы да уағыз-насихат айтылды.

Бас-аяғы аталмыш жиынға 900-ге жуық әскери маман қатысты. Жиын соңында әскери бөлім басшылығы келген қонақтарға өз алғыстарын айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

2 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

4 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

1 адам кескіні болуы мүмкін

5 адам кескіні болуы мүмкін

5 адам, жарықтандыру жабдығы, динамик және тұғыр кескіні болуы мүмкін

 

Пікірлер Кіру