ӘДІЛДІК БІЛІМГЕ МҰҚТАЖ

21 мамыр 2025 442 0
Оқу режимі

Адамзат тарихына көз жүгіртіп, оның бүкіл сатылары мен қабаттарына көңіл бөлсеңіз, үш негіздегі қатынастың өзара тарихы болып шығады. Адам, әлем, тәңір. Мұны адамның Тәңірмен, әлеммен қатынас тарихы десек те болады. Қатынас демекші, Адамның өзін қоршаған ортасымен ең басты қатынас қуаты рухынан бастау алып, рухымен ажырағанда тоқтайды. Рух өлмейді. Ол тірі! Болмыстық мағынада да, құндылықтық мағынада да солай.

Егер рух өлетін болса, мына тарих, тарихи сана, құндылық, болмыс та өміршең болмас еді де, адамзаттың тарихы да болмас еді. Тарих дегеніміз уақыттық тұрғыдан өткен, осы және болашақ шақтардан тұрады.

Егер адам келер шағы, о дүниеден үміті болмаса, онда отбасы институты да қалыптаспас еді. Демек, адамды мына дүниеде ұстап тұрған негізгі тірек - рухтың мәңгілігі мен бақыты. Осы тұғыр діни исламда Фараби, Ибн Сина философиясында жан жақты түсіндірілген. Рухтың тәнге дейінгі, тәнмен, сосын одан ажырауы сатысы моральдық тұрғыдан, яғни хикметтік сипатта түсіндіріледі.

Қазір қанша жерден "Адамды әлемнен, Тәңірден ажыратып, басқарамыз" деген теориялар үстем болса да, ол адамның рухани танымдық табиғатына сыймайды. Адам ең әлсіз ең залым жаратылыс екендігі Құранда тектен текке айтылмағандығын бүгінгі көріністерден байқауға болады. Ширк психологиясы - тек қана дінге қатысты қабат емес. Ол әлемдік адамзат дағдарысына да қатысты айтылуы қажет.

Әлемді саяси күштер жасанды Тәңірге айналып, мына дүниенің саясатында шешуші рөль атқарып келеді. Мемлекет институты да ең соңғы тіршілік дәуірін басынан өткізіп жатқандай әсер береді. Өткен ғасырға дейін әлемді басқарған мемлекет империялар жақсы жаман өзінің билік қуатын Тәңірден алатын.

Ал қазіргі таңда империяларды, Тәңірді жоққа шығаратын мемлекеттер жүйесі, қуатын өзінің құрушы халқы не мәдениетінен емес, сырттан алады. Сырт дегеніміз - "Тәңір мемлекеттер". Олар мына әлемге үстемдік етеді. Ғылымда бұл құбылысты "сакральдылықтың имманенттілігі" деп атайды. Осы ахуалды қайта комментарии жасап, реттейтін бір ғана дін бар, ол Ислам. Ислам табиғатында имманенттілік пен трансценденттілік тұтас тұр. Оны пайдалану үшін де Фарабиді тану шарт. Фарабиде эпистемиология, методология, моральдық уәж фалсафа бар.

Досай КЕНЖЕТАЙ

 

Біраз жұрт, сол "атеист" деп отырған Фарабидің араб тіліндегі еңбектерін оқыды ма екен? Фарабидің Тағдыр, Қалам (тағдыр жазатын қалам), Лаух әл-Махфуз, Таухид (жаратушының бірлігі) жайында айтқан "Фусус әл-Хикам" шығармасын оқып танысуына кеңес беремін. Айтпақшы бұл трактат "қидаланып", 1975 жарық көрген. Қидаланып деп отырғаным араб нұсқасындағы дінге қатысты дүниелердің барлығы алынып тасталған. Сөйтіп атеистік "цензурадан" өтіп шыққан. Оны орыс тілінде оқыған адам Фарабидегі мұсылман нышанын байқамай да қалады. Міне, осындай шығармаларды оқыған адамдар Фарабиді "атеист" деп таниды...

Жалғас САНДЫБАЕВ

 

Пікірлер Кіру