АЛЛА ТАҒАЛА БЫЛАЙ ДЕЙДІ!

08 қараша 2023 1306 0
Оқу режимі

Алла Тағала былай дейді:

«Әй, Мұхаммед! былай айт: ”Келіңдер, сендерге Раббыларың нені тыйым салғанын оқып берейін: Оған еш нәрсені серік қоспаңдар, әрі ата-аналарыңа игілік жасаңдар. Кедейліктен қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер. Сендерді де, оларды да Біз ризықтандырамыз. Сондай-ақ, арсыздықтарға, олар жасырын болсын, жәрия болсын жақындамаңдар. Алла тыйым салған жанды, еш ақысыз өлтірмеңдер. Бұны сендерге Алла әмір етті, әрине түсінесіңдер!”» (Әнғам сүресі, 151-аят)

«Бір Аллаға құлшылық етіп, Оған еш нәрсені серік етіп қоспаңдар. Ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар. Сондай-ақ, жақын туыстарыңа, жетімдерге, жарлы-жақыбайға, туысқан көршілеріңе, туыстығы жоқ көршілеріңе, (сапарлас немесе жақын) жолдастарыңа, елінен жырақта жүрген адамға, қолдарыңдағы құлдарың мен күңдеріңе жақсылық жасаңдар» (Ниса сүресі, 36-аят)

«...Бір-біріңе игілікте әрі тақуалықта жәрдемдесіңдер, күнәда және дұшпандықта жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Алла – қатты азап Иесі» (Мәида сүресі, 2-аят)

 

 

Пікірлер Кіру