Анамның табаны

17 тамыз 2020 5064 0
Оқу режимі

Анасымен сөзге келіп қалған бір жігіт, ашуланған күйі үйден шығып кетеді. Алайда, сәл жүрген соң ашуы басылып, сабырға келеді. Өзінің қандай қателік жасағанын түсінген кезде, телефонын алып: «Адамдар «аяқтың үстіңгі жағынан гөрі табанының еті жұмсақ әрі өте жағымды» деп жатады. Қымбатты анашым! Табаныңыздың жұмсақтығын екі ерніммен байқап көруге рұқсат бересіз бе?» –  деп анасына хабарлама жібереді.

Үйге қайтып келіп, есіктен кірсем анасы өз бөлмесінде отыр екен. Екі көзі дымқылданып, жүзінен қуанған белгі көрінеді. Ұлын көре сала былай депті: «Мен саған оны істеуге рұқсат етпеймін. Себебі ол сөздің дұрыстығына күмәнім жоқ. Сенің бала күніңде аяғыңның асты-үстін сүйгенде көзімді әбден жеткізген болатынмын». Сол сәтте-ақ жігіттің буын-буынынан әл кетіп, көзінен жас парлап жүре берді.

Батыр Әуелбеков

Пікірлер Кіру