АҚЫРЕТТЕ ӨЛІМ ЖОҚ

10 наурыз 2024 1860 0
Оқу режимі

Әбу Са’ид әл-Худри (р.а.) риуаяты бойынша, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.)  былай деді:

«Қиямет күні жұмаққа баратындар жұмаққа, тозаққа баратындар тозаққа ажырағаннан соң, өлім ала өңді қошқар ретінде әкелінеді.

Хабаршы шығып:

 «Уа, жұмақ халқы» - деп дауыстайды. Жұмақтықтар дереу мойындарын бұрып, бастарын көтеріп қарайды. «Мынаны танисыңдар ма?»- деп сұрайды. Жұмақ халқы оны көріп, «Ия, білеміз, бұл - өлім» - дейді.

 Содан соң әлгі хабаршы:

 «Ей, жәһәннәм халқы» - деп қатты дауыстайды. Олар да бастарын көтеріп, қорқынышпен қарайды.

Хабаршы: «Мынаны танисыңдар ма?» - деп сұрайды.

Барлығы оны көріп:

«Ия, білеміз, бұл - өлім» деп жауап береді. 

Артынша қошқар кейпіндегі өлім жұмақ пен тозақ арасында бауыздалады.

Әлгі хабаршы:

«Уа, жәннат халқы, жәннатта мәңгі боласыздар. Бұдан былай өлім жоқ. Ей, жәһәннамдықтар, сендер де бұл жерде мәңгі қаласыңдар. Сендерге де өлім жоқ»- деп айтады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) осыны жеткізгеннен кейін мына аят кәрімді оқыды:

 «(Мұхаммед) ол иман етпеген қасиетсіздерді қасірет күнімен қорқыт. Өйткені, олар үшін азап үкімі кесілді, алайда өздері әлі де бұдан ғапылдықта. Олар бұған сенбейді». (Мәриям сүресі, 39 -аят).

 

 

Пікірлер Кіру