AҚЫРЕТТІҢ БАР БОЛУЫ МЕН МӘҢГІ БОЛУЫНЫҢ ХИКМЕТІ

01 сәуір 2024 1401 0
Оқу режимі

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: كُلُّ امْرِئٍ فِي ظِلِّ صَدَقَتِهِ حَتَّى يُقْضَ بَيْنَ النَّاسِ. (الجامع الصغير)

Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: «(Қиямет күні) адамдарға үкім берілгенге дейін әрбір кісі берген садақасының көлеңкесінде болады». (Суюти, әл-Жамиғ ус-cағир)

Aлла Tағала – ежелден бар, мәңгілік, ал құдіреті шексіз. Әр ісінде сансыз хикметтер бар. Оның жаратушылық сипаты әрдайым бола бермек, ол жаратқан және жарататын нәрселерінің бір бөлігі жалғаса береді. Мына біздің әлемімізді бұдан қанша ғасыр бұрын жаратқанын ешкім біле алмайды. Ал сосын мына әлемде ғибадат, міндет жүктелген таңдаулылар санатынан адамдар жаратқан. Бүкіл осы адамзат және басқа жаратылған нәрселер құр бекерге жаралған ба? Белгілі бір уақыт өмір сүріп, сосын толық жойылсын деп осындай ғажап үлгіде жаратылған ба сонда? Жоқ, жоқ! Мұндай ойға адамның ожданы келіспейді. Бұған әрбір ұсақ-түйекте көрінетін хикмет өрнегі де қайшы келеді.

Сөз жоқ, адам мына дүниеге сынақ үшін келген. Бұл әлемдегі көркем не теріс амалдарының нәтижесіне басқа әлемде мәңгіге қауышуы үшін жаратылған. Мына дүниеде жұрттың бәрі өз ісінің жемісін тиісті дәрежеде көре алмайды. Небір салих, қадірлі адамдар зәбір көреді, жапа шегеді. Ал небір азғын, әзәзілдер молшылықта өмір сүріп, жаман ісінің жазасын (мына дүниеде) көрмейді. Сондықтан, иләһи әділдік толық орнайтын әлем бар. Ол жерде бәрі тегіс амалдарының толық қарымына қауышады.

Мынаны да ойлап қою керек; бұл дүниеде адамдар мен басқа міндет жүктелген болмыстар екі түрге жіктелген:

Бір бөлігі міндетін орындауда. Соған орай, олардың қайырымы ақырет әлемінде мәңгілік болады.

Ал екінші жартысы міндетіне қиянат жасағандар. Раббыларын ұмытып, өз құлқына табынып, адасқан бағыттарынан ешқашан айнымайды, миллиардтаған жыл өмір сүрсе дағы, өз сенімін, теріс жолын тастамауға күш салады. Сондықтан олардың жазалары да олардың сенімдері секілді бұлжымайды, олар ақыретте мәңгілік азап тартады.

Пікірлер Кіру