Арыстанға отын артқан әулие

20 тамыз 2020 5319 0
Оқу режимі

Жәлаладдин Румидың «Мәснәуи» еңбегінде Ибн Сина әулие Әбулхасан Хараканидың қалын сұрап барғандағы мына бір оқиға баяндалады.

Ибн Сина бірнеше кісіні ертіп Хараканидың қалын сұрап барады. Содан үйіне барса, әйелі ол кісінің үйінде жоқтығын айтады. Сөзінің арасында: «Қалын сұрап келетіндей Хараканидың не қадір-қасиеті бар екен сонша. Әуре болып бекер келгенсіздер. Ол өзін әулие санап жүрген бір жынды ғой» деген сөздер айтады. 

«Кері қайтайық, оның расында қандай адам екенін жанындағы әйелінен артық кім біледі?» - деп ертіп барған адамдары кері қайтқылары келсе де, Ибн Сина оларды қайтпауға көндіреді.

Содан бәрі орманға бет алғанда, қарсы алдарынан арыстанға отын артып келе жатқан Хараканиды көреді. Жақындағанда, расында арыстанның оған қыңқ демей бағынатынын байқап, әйелінің сөзі анау, бұл қалай болғаны деп себебін сұрайды. Сонда Харакани хазірет: «Үйдегі қасқырға шыдамаған адамға таудағы арыстан қызмет етпейді», - деп жауап берген екен.

Пікірлер Кіру