АТА-АНА АҚЫСЫ

20 тамыз 2023 4081 0
Оқу режимі

Асыл дініміз исламда адам баласын бақытқа жетелейтін, сауапқа кенелтетін сауапты амалдар көп. Ислам дінінде әр нәрсенің ақысы бар. Мәселен көрші ақысы, баланың ақысы, ерлі зайыптылардың өзара ақысы, т.б дегендей. Осы мәселелердің ішіндегі ең бастысы, бірегейі ата-ана ақысы болып табылады. Кез келген адам баласы үшін дүниеде ең қымбат адам – ата-анасы. Ата- ананы Алла Тағала қасиетті Құранда дәріптеп, оларға құрметпен қарауды жүктейді: Аллаға құлшылық етіңдер Оған еш нірсені серік қоспаңдар.Және әке-шешеге жақсылық жасаңдар («Ниса» сүресі, 23-аят) . Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген хадистерінде де ата-ана ақысы жайлы кездеседі. Солардың бірінде Пайғамбарымыз бір күні сахабаларына: «Сендерге күнәлардың ең ауыры қайсы екенін айтайын ба»- деді. Сонда сахабалар: «Ия, бізге қайсы екенін айтыңыз», – дейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаға серік қосу, ата-анаға қарсы шығу, нақақтан нақақ кісі өлтіру, өтірік айту», – деген екен. Осы жерден түсінетініміз, Аллаға серік қосудан кейінгі ауыр күнә – ата- анаға қарсы келу екен. Сол үшін ислам діні оларға қарсы келмей, керісінше оларға қарайласуға және жақсы мәміледе болуға шақырады. Бабаларымыз да ұрпақтарына тәрбие берген кезде әрдайым ата-анаға құрмет көрсетуді өсиет еткен.

Сондықтан әрбір мұсылман адам ата-анасы тірі кезнде олады қадірлеп, қастерлеп, қадірін біліп, сыйлап қызмет жасап жүргені дұрыс болады. Тірі кезінде қызмет қыла алмасақ өлгеннен кейін дәріптеудін еш қажеті болмайды.

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру