Балаңызды кеш батқанда сыртта ойнатпаңыз

04 шілде 2019 6939 0
Оқу режимі

Балалар сыртта, емін-еркін ойнағанды жақсы көреді. Кейде күнұзаққа ойнын қуып, кештің батқанын олар да, біз де байқамай қалып жатамыз. Тек қараңғы түскенін көріп, «үйге кір!» деп шақырып аламыз.

Ал, баланы кеш батқан соң сыртта қалдырмау керектігін білесіз бе? Оның себебі неде?

Жәбир (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) мына хадисін риуаят етеді: «Түн қанат жайғанда (яғни, кеш батқан кезде ) жас балаларыңды үйде ұстаңдар (яғни, осы уақытта оларды сыртқа шығармаңдар), өйткені сол кезде шайтандар (жер бетіне) тарайды, ал түннің біраз уақыты өткен соң оларды жібере беріңдер...». (Сахих Муслим).

Мұнда күн батқаннан түн қараңғылана бастаған кез туралы айтылған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл уақытта шайтандар көп болатындықтан, олардың жас балаларға зиян тигізуінен қауіптенген. Ибн әл-Жәузи: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы уақытта балалар үшін қауіптену себебі, олар (балалар) көбінесе шайтаннан қорғану дұғаларын біле бермейді. Ал, шайтандар таралған кезінде мүмкін болғанның бәріне жабысады», – деген.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру