Батан Ахмет Нұржігітұлы

20 желтоқсан 2018 4990 0
Оқу режимі

1997 жыл 14-тамыз Түркістан облысы, Мақтарал аданының тумасы. Қазіргі таңда Астана қаласының тұрғыны.

Пайғамбарлар сұлтаны

Ұлы Алланың елшісі, ең соңғысы,
Ақиқатпен ұштасқан әрбір ісі.
Жаратқанға сансыз мың шүкіршілік,
Үмметі қып жаратқан сіз бен бізді.

Үлгі аламыз әр сөзі, әр ісінен,
Мұсылманның бейнесін шын көрсеткен
Тұла бойы, тұнып тұрған сабырлылық,
Иа Мұхаммед (с.ғ.с) өзіңді шын сүйем мен.

Адамзатты бастаған тура жолға,
Қас қағым бір, өткінші бұл жалғанда.
Махаббатпен соңынан ергендерге,

Аллам нәсіп етеді жұмақты да.

Алла жазса соңынан біз ереміз,
Ахиреттің барына шын сенеміз.
Лайық болсақ бізде енді үмметіне,
Пайғамбарды жәннатта біз көрерміз.

Жылдар өтті, өтті ғой, қанша заман,
Ұмыт қалды қанша жұрт, қаншама адам.
Бар мұсылман сағынар асыл жанды,
Жүректердің төрінен орын алған.

Ардақты жан өзіңді сағынамыз,
Алланың әміріне бағынамыз.
Салауат пен өзіңе сәлем жолдап,
Сағыныштың шерін біз таратамыз.

Иа, Расулым, пайғамбарлар сұлтаным,
Сағынады бір өзіңді жан тәнім
Тым болмаса түсіме сен бір кірші,
Нұрлы жүзіңді көру менің арманым.

Иа расулым,пайғамбарлар сұлтаным,
Менде өзіңдей иман жолын таңдадым.
Бар мақсатым разы етсем Алланы,
Бір өзіңмен қауышатын күн жақын.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру