БЕРЕКЕНІҢ ҚАШУЫНА НЕ СЕБЕП?

26 қаңтар 2026 209 0
Оқу режимі

Бұл — қызғаныштан да емес, сиқырдан да емес, көз тиюден де емес.

Кейде адамның тұрмысының тарылуы, несібесінің кеміп, жолының болмауы мына себептерден болады:

  • Отбасындағы береке-бірліктің кетуі, ерлі-зайыптылардың тіл табыса алмауы.

Бұл мәселеге аса мән беру керек. Себебі берекенің қашуы, ырыстың азаюы көбіне үй ішіндегі ұрыс-керіс пен түсініспеушіліктен басталады. Қазақ «Ырыс алды – ынтымақ» деп бекер айтпаған.

  • Ерлі-зайыптылар арасындағы опасыздық.

Опасыздық – үйдің құтын қашырып, жан тыныштығын алады. Ол денсаулыққа да, мал-дүниеге де кесірін тигізіп, ерлі-зайыптыны табыстырып тұрған мейірім мен махаббатты жояды.

  • Еріне не әйеліне өтірік айту.
  • Ар-ұятқа қайшы әдеттерге бой алдыру.
  • Үй ішінде өсек-аяңға, жала мен ғайбатқа жол беру.
  • Астың қадірін білмей, тамақ қалдығын бей-берекет төгу.
  • Қоқысты түнге қалдырып, үйде ұстап отыру.
  • Садақаны ұмыту, жомарттықтан алыстау.
  • Намаз, ораза секілді парыздарға салғырт қарау.
  • Берілген нығметке шүкір етпеу.
  • Теріс пиғылды, кері әсері бар ортамен араласу.
  • Ысырапқа жол беріп, табысты дұрыс жоспарламау.

Қорытынды:

Береке — байлықта емес, тәртіпте, ынтымақта, адалдық пен шүкірлікте.

Үйде тыныштық болса, несібе де өз жолын табады.

 

Abdulakhad SMANOV

Пікірлер Кіру