Бойдақ адамның өмірі қысқа болады

11 маусым 2020 10097 0
Оқу режимі

«Жалғыздық тек Жаратқанға жарасқан» дейді біздің қазақ. Расымен, айналаңызға байыптап бір қарасаңыз, барлық тіршілік иесінің өз жұбымен жаратылғанын көресіз. Демек, жұптасып өмір сүру – жаратылғандардың маңдайына жазылған заңдылық екені даусыз. Ал, енді осы заңдылыққа қарсы шығып, берілген өмірді бойдақтықпен өткізудің ақыр соңы қандай болмақ?

Осы сұрақ төңірегінде толғанған Тайвань елінің ғалымдары осыдан 20 жыл бұрын өте қызықты зерттеу жұмысын бастаған екен. Зерттеу жұмысына 50 мен 91 жас аралығындағы 800 ер адам қатыстырылған.

Жиырмаға жылға созылған түрлі зерттеу нәтижелерін сараптай келе Тайвань ғалымдары ер адамның ұзақ өмір сүруі оның жұбайлық қарым-қатынасына байланысты деген шешімге тоқталған. Тіпті, елуден асқан еркектердің өзі тұрақты жұбайымен жақындасып тұрса, қатарластарынан орта есеппен 15 жыл ұзақ жасайтын көрінеді.

Зерттеушілер ұзақ жасағысы келген жандарға өз жұбайларымен аптасына бірнеше мәрте жақындасып тұруға кеңес беріп отыр. Олардың айтуынша, бұл олардың жүрек-қантамырларына оң әсерін тигізбек. Сондай-ақ, ағза тонусын көтеруге де көмектеседі

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадистерінде үмметін үйленуге үндеп, еш себепсіз оны кешіктіруден тыйғаны белгілі. Қияметте үмметімнің көптігімен мақтанамын деп өсиет қалдырған Алла Елшісінің (с.ғ.с.) айтқанын орындап, ақ некесін ерте қиғызғандардың өмірден кеш өтетінін бүгінгі ғылым дәлелдеп отыр.

Қарауылдың баласы

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру