Муса Айюб
1993 жылы мамырдың 7-жұлдызында Моңғолияның Қобда аймағында дүниеге келген. 2012 жылы мектеп бітіріп, Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін агроном мамандығы бойынша тәмамдаған.
Бисмиллә бар ғаламды жаратқан,
Теңдесі жоқ жаратқаның тартуы.
Тәлімі терең иманы кемел жүрегінің,
Туралыққа бастаған әділдіктің бастауы.
Тәуба деген тәлімнің тәттісі ғой,
Тәуба етсең тәңірім тарылтпас бой.
Иманың кемел болса міне сенде мың бақыт,
Жүрегіңді жауласын құран нұры шын бақыт.
Мәулет түні мұсылман мейрамы екен,
Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с )туған екен.
Алла елшісі екі дүние сардары,
Салиқалы жүрегінде сап иманы.
Сүннеттің сүйгенінен ерік сүйген,
Салауатпен сақтаған иманы кең.
Санасына құйғаны құран бекем,
Иманың жиғанынан биік қойған екен.
Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) Алла құлы,
Алланың сүйген елшісі, Әл-Мәтиин иманы.
Алланың сүйікті елшісі екі дүние сардары,
Пайғамбарымыз дүние есігін ашқаны.
Бұл пәниде бақытты ғұмыр кешуін,
Бақилыққа кең пейілмен терең иман есуің.
Барша мұсылман жамағатқа үлгі болған,
Ар-Рашиид, өнеге, сара жол салған Мұхаммед.
Адалдықты дос тұтып татулықты мұрат қылған Мұхаммед
Арманың айтпай үмбетіңе сүннеттің айтқан Мұхаммед
Әзіл айтпай баршаға әділ айтқан Мұхаммед
Сынап айтпай мүмінге Алланың сыйын айтқан Мұхаммед
Сабалап ұрған дұшпанға сабыр еткен Мұхаммед
Санасы тар қуларға сый көрсеткен Мұхаммед
Өсек айтқан жиынға сабырмен өсиет еткен Мұхаммед
Ниетті қатты жандарға жұмсақ болған Мұхаммед
Қам көңілді жандарға қамқор болған Мұхаммед
Болашақтың бағдарын байыппенен баққан
Барша мұсылман қауымның көңіл хошы Мұхаммед.
Алла елшісі әрдайым ұлылықтың сұлтаны,
Ақ пейілді жандарға арман ғой еді ұлтаны.
Сара жолы сарқырап санада болса ұтқаны,
Сүннеттің бек ұстап салауат айтса ұтады.
Алла елшісі әрдайым кемелдіктің тұңығы,
Кең көңілді жандардың жолығу ғой арманы.
Бәріне тегіс тілеуі, иман байлығы керегі,
Бардан емес, жоқтан бар жасаған Алланың енді есебі.
Ал, Ағайын туыстар!
Ақ көңіл мен иманыңды дұрыста.
Пайғамбар кемелдінің кеменгері,
Пайыз емес пайда берген ердің ері.
Мақамдап мақтап айтып елірмеген,
Мұсылман бауырым деп көңіл бөлген.
Мәңгілік бақыт деген иман екен,
Мазмұнымен Мұхаммед егінің жиған екен.
Дереккөз: muslim.kz