НАДАНДЫҚ
ЕКІ кісі жаздың бір әдемі күнінде сайранға шығып, бір ағаштың қасынан өтіп келе жатқанда, көкек шақырды дейді. Біреуі тұрып айтты:
- Көкек тек құс емес, ол мені көріп шақырғанын ырым етемін, маған ұзамай-ақ бір дәулет жолығады екен, - дейді.
Қасындағысы айтты:
- Көкек саған шақырған жоқ, маған шақырды, дәулетке мен жолығамын, - деді.
Әуелгісі айтты:
- Сен итке неғылған дәулет?!
Оған қарсы ЕКІНШІСІ:
- Мен ит емес, сен ит! - деп ЕКЕУІ ұрсысып, ұрыстан
соң төбелесіп, ЕКЕУІНІҢ де аузы-мұрны қан болды.
Мұнан соң ЕКЕУІ де дәрігерге келіп, жараларына ем еттіріп отырып, ұрыстың неден басталғанын айтысты.
Сонда дәрігер айтты дейді:
- Ей, ақылсыздар, ол көкек сендер үшін емес, мен үшін шақырған екен. Көкек шақырмаса, сендер төбелеспес едіңдер, төбелес болмаса, сендер жаралы болып, мен емдеп, ақы алып, олжа таппас едім, - деді.
Жарас КАБИШЕВ-тің фб парақшасынан