Нарқұлан Райханұлы

12 желтоқсан 2018 4344 0
Оқу режимі

Райханұлы 1995 жылы 18-қаңтарда Бесбоғданың баурайында дүниеге келген. Бірнеше халықаралық, республикалық мүшайралардың жүлдегері. Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі.

АҢСАДЫМ
(пайғамбарым Мұхаммед с.ғ.с)

Ислам діні ол  –
Адамзатқа жіберілген ең соңғы,
Бекітіліп Хақ Талаға мөрімен,
Нағыз иман жүрекпенен өлшенді,
Орын алып ұжымақтың төрінен.

Бүгінде,
Бояулы дін тұтқан көбейді,
Екі ұшты сүретін өмірді.
Өздерін шейх пен сұлтанға теңейді,
Жоғалтып Аллаға деген сенімді.

Шын дінді жоғалтып адаспа,
Жүректің көзіне үңілсең табасың.
Дін деген – дүние емес қой,
Түсетін таласқа.
Дін деген дәріңіз
Жүректің жарасын жазатын.

Осылай да осылай
Ғарасат ғасыры бізге де жеткен бе
Дін мен діл былығып барады.
Салауат айтқанмен өткенге,
Рухым былғанып, жанымыз тоңады.

Іздеймін,
Бабамның пайғамбар жолымен жүргенін,
Алланың хақ дінін ұстанып,
Аңсаймын
Сегіз сарай ұжымаққа кіргенін.
Бәдәуи пенделер барады,
Өзге дін ағымға ысталып.

Өзіңді аңсадым,
Пайғамбарлар сұлтаны Ер МҰХАММЕД (с.ғ.с)
Белшемізден батқанда былықтарға,
Рухыңмен жебеуге кел МҰХАММЕД (с.ғ.с)
Медет бергін тәңірім сынық жанға...

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру