ОҚЫЛМАҒАН ПАРЫЗ НАМАЗДЫҢ ҚАЗАСЫ

01 шілде 2024 1633 0
Оқу режимі

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اِنَّمَا مَوْضِعُ الصَّلَاةِ مِنَ الدِّينِ كَمَوْضِعِ الرَّأْسِ مِنَ الْجَسَدِ. (طب)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Расында намаздың діндегі орны бастың денедегі орны тәрізді”. (Taбарани, әл-Mужам ул-кәбир)

Ер, әйел кез келген ақылды мұсылман балиғат жастан (кәмелетке толған) кейін басқа діни міндеттермен қатар, бес уақыт намаз оқуға міндетті.

Адам уақтылы оқи алмаған намазды уақыт өткізбей бірден қаза ретінде оқып, оны кешіктіргені үшін арнайы тәубе айтып, кешірім сұрауға тиіс.

Қарыз намазы бар адам мұны есептейді. Eң соңғысынан бастап қаза ретінде орындайды. Eң әдепкісінен бастау жайыз болса да, eң кемел жаста қазаға қалдырғанның жазасы ауыр болатындықтан, әуелі солар үшін кешірім алу үшін соңынан бастап қаза еткен артық. 

Қаза намазын кәраһәт уақыттан тыс, кез келген уақытта оқуға болады. Ханафи мәзһабы бойынша, қарыз қазасы бар адам бес уақыт намаздың сүннетін тәһәжжуд, әууабин, духа, тәсбих намаздары мен қасиетті түндерде оқыған қажет намазын да, басқа нәпіл намазды да оқи алады. Оның ешқандай оғаштығы жоқ.

Таңғы намаз қаза болса қарау керек: Егер сол күні түскі кәраһәт уақытына дейін оқылса, сүннетін де орындайды, ал кейін болса, тек парыз орындалып, сүннеті орындалмайды. Басқа уақыт намаздарының тек парызын ғана қаза ретінде оқылады, сүннеттері оқылмайды. Aл бесін намаздың яки жұма намаздың бірінші сүннеті жамағатқа үлгеру үшін тасталған болса, бұлар парыздан кейін оқылады. Пітір намазы да уақытында оқылмай қалса, қаза ретінде атқарылады. 

Парыз намаздың қазасы парыз; ал пітірдің қазасы уәжіб. Басталған соң аяқсыз қалған кез келген нәпіл намаздың қазасы да уәжіб.

Кімде-кім қанша намазы қаза болғанын нақты білмесе, қарыз қалмағанына көңілі бекігенше қаза намазын оқиды.

Азан және қамат айту бес уақыт намаз үшін сүннет болғаны секілді, қаза намазы үшін де сүннет. Бірақ бір мәжілісте көп қаза намазы оқылатын болса, онда тек бір азан жеткілікті. Әйткенмен, әрбіріне жеке қамат айтылады. Одан бөлек, әрбірі үшін арнайы азан айту артықшылық. 

Пікірлер Кіру