Ораза – адам үшін ең керекті дәрі!

15 мамыр 2018 10260 0
Оқу режимі

Ораза ішек ауруларына, іш қатуға, кейбір тері ауруларының жақсаруына көмектеседі. Ораза ұстаған адамның ішкі мүшелеріне жиналатын майларды ерітіп, метоболизмды жандандырады. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабеты), жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті арттырады. Ол үшін сәресі мен ауызашар уақытында тым көп ас жемеу керек. Оразаның пайдасы туралы доктор Алекс Каррел былай дейді: «Тамақ ішпеу әуелі аштықты ұғындырады. Алайда, ең маңыздысы – бауырдағы шекерлерді, тері астындағы май қыртыстарын, бұлшық ет, без, көк бауыр жасушаларындағы протеиндердің қимылын арттырады. Міне, осылайша ораза тканьдарымызды тазалап, өзгертіп отырады».

Ораза кезінде күндізгі уақыттарда қандағы холестерин деңгейі төмендейді. Тамырдың жақтауларында бірігіп қалған ескі холестерин қалдықтары бірте-бірте қан айналымына араласып, қаттылығын жоғалтады. Осыдан барып ең бір қорқынышты ауру «артериосклероз» (жүректің қысылуы және сал болу себептері (ораза мен дәреттің ортақ әсерімен) жойылады.

Жүрекке кері әсер ететін үш фактор бар: тамырдың қаттылығы, жүйкенің шаршауы, асқазанға ылғи да қысым түсетіндігі. Ораза ұстаған адам осының үшеуінен де зиян шекпейді.

Көп ас ішкеннен кейін денедегі бүкіл мүшелермен қатар, жүрек те шаршай бастайды. Бұндай жағдайда қан ми мен орталық жүйке жүйесінің жасушаларына толықтай жете алмайды. Жүрек мамандары көп тамақтану мен жүрек талмасы арасында байланыс бар екенін айтуда.

Батыс Германияның Нордхейм Вестфален қаласындағы Рак аурулары институтының маманы проф.др.Дж.Л.Паул арнайы зерттеу нәтижесінде оразаның рак ауруынан сақтайтындығын жариялады. Профессор Требтің медицина әлемінде айтулы бағаға ие мәліметіне сүйенсек, ораза ұстаған адамда «адреналин және кортизон» деп аталатын гормондар көп мөлшерде қанға араласады. Дененің ең кіші жасушаларының азайып-көбеюін қамтамасыз ететін бұл гормондар бұл жасушалардың рак ауруына шалдықпауын қамтамасыз етеді.

Ораза дененің бүкіл жүйелеріне әсер етіп, денсаулығын арттыратын қасиетке ие. Алайда тек денсаулықты жақсарту ниетімен ораза ұстау дұрыс емес. Ораза ұстаудағы басты ниет – Алланың әмірін орындау болуы керек. Орзаларыңыз қабыл болсын!

Пікірлер Кіру