Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре

05 тамыз 2019 737 0
Оқу режимі

Құранда 67 деген реттік санмен орналасқан «Мүлк» деген сүре бар. Меккеде түскен.

Оның басқа да атаулары бар, мысалы Мунжия – «құтқарушы», Мани'а – «тыйым салушы» және т.б. Бір хадисте «Мүлк» сүресіндегі әрбір әріп үшін жерге бір періште түсіп, сол сүрені оқыған адам үшін кешірім сұрайтыны айтылған.

«Бір адам білместікпен бейіт жанынан шатыр құрды, байқаусызда біреудің Тәбаракәл ләзи бийәдиһил мулк сүресін оқып жатқанын естіп қалады. Сүрені оқып болғаннан кейін әлгі кісі Алла елшісіне (с.ғ.с.)  келіп, сұрайды:

- Ей, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Білместікпен бейіт жанынан шатыр тігіп қойып едім, қабір тұрғындарының біреуінің Тәбәрак сүресін оқығанын естідім.

Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деп жауап берді: «Мүлк сүресі – ұлы қорғаушы, ол адамды қорғап, қабірдегі азаптан құтқарады».[1]

Хадисте Ибн Масғуд Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Мүлк арғы дүниенің азаптарына тосқауыл болады»[2] дегенін жеткізеді.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): «Менің қалауым осы сүренің, яғни Әл-Мүлктің әрбір мүміннің жүрегінде болғанынқалаймын (яғни бұл сүрені әрбір мұсылман жатқа білуін меңзеп тұр)».

«Құранда 30 аяттық сүре бар. Ол сүренің Қиямет күні араша түсуі адамды Тозақ отынан сақтап, Жәннатқа кіргізеді. Бұл – Мүлк сүресі».

«Кімде-кім Әл-Мүлк сүресін ұйқыға жатардан бұрын оқыса, 30 сауап жазылып, 30 күнәсі кешіріледі, дәрежесі 30 есе өседі. Алла Тағала ол адамға бір періштені жібереді. Ол өзінің қанаттарын сол адамның үстіне жайып, тұрғанғадейін оны барлық жамандықтан қорғайды».

«Марқұмды қабірге жатқызғаннан кейін азап періштелері оның аяқ жағынан келеді. Сонда аяқтары айтады: «Мұнда жол жоқ. Бұл адам түнде ұйқысынан тұрып, Әл-Мүлк сүресін оқыды». Періштелер басына келгенде, тілі айтады: «Сендер бұл жерге тиісе алмайсындар. Ол менімен бірге Әл-Мүлк сүресін оқыды».

Ибн Масғуд айтты: «Кімде-кім бұл сүрені әрбір түні оқыса, қабір азабынан құтылады».

Егер көзі ауырған адам бұл сүрені 3 күн қатарынан оқыса, көз ауруынан айығады.

Егер кімде-кім бұл сүрені оқуды әдетке айналдырса, тек бұл өмірде ғана емес, арғы өмірде де Алланың мейіріміне бөленеді, Тозақ отынан және өлім сәтінде шайтанның арам ойларынан қорған табады.

 


[1] Тирмизи
[2] Хаким

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру