Ойыншық та – тәрбие
16 қаңтар 2019
8737
0
Оқу режимі
![](/img/articles/85d0039749e412ef99aa1d978f94040d.jpg)
Бір ауылда жасы егде тартқан ұста болыпты. Ол ауылдың балаларына түрлі ойыншықтар жасап береді екен. Бірақ оның ойыншықтары өте нәзік болғандықтан, аз уақытта сынып қала береді.
Бір күні балалардың ата-аналары ұстаға келіп: « Ұста, сіздің жасаған ойыншықтарыңыз өте әдемі, бірақ тым нәзік, балаларымыз тез сындырып ала береді. Сол үшін ойыншықтарды мықтылау, ұзақ уақытқа жарайтындай етіп жасасаңыз жақсы болар еді», – дейді. Сонда ұста: «Біраз уақыт өткен соң балалар есейіп, ержетеді. Ал мен олардың өзіне қымбат нәрсесін сындырмай, бағалай білуді кішкене күнінен үйреніп, өскенде қиналмаса екен деймін», – деп жауап береді.
Дереккөз: muslim.kz
Пікірлер
Кіру