ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ЗЕКЕТ ПЕН САДАҚА

19 наурыз 2024 2239 0
Оқу режимі

Алла Тағала Бақара сүресінің 273-аятында былай деді: «Сондай Алла жолында қамалып шықпай отырған, жер жүзінде жүре алмайтын, білмегендер, оларды абырой сақтағандықтарынан бай деп ойлайтын пақырларға беріңдер. Оларды бейнесінен-ақ танисың. Олар адамдарға жабысып сұрамайды. Сендер не қайыр берсеңдер расында Алла Тағала оны біледі».

Бұл аят Асхабы Суффаның саны 400ге жуықтаған кезде түсті. Мәдина Мүнәууәрада ешбір баспаналары, ағайын-бауырлары, туған-туыстары жоқ еді. Мешіттің орындықтарын мекендеп, ілім үйренетін еді. Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләмнің дәрістері мен уағыздарына қатысып, ақыреттеріне пайдалы азық жинайтын. Олар өмірлерін Алла жолына арнаған пайғамбар медресесінің шәкірттері болатын. Бір күні пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләм Асхабы Суффаның хал-жағдайына қарап, кедейліктерін, көрген қиындықтарын көріп былай деді:

«Уа, Асхабы Суффа! Сендерге сүйіншім бар. Кімде-кім мына сендердің халдеріңе және өзінің ішкі халіне разы болған күйде маған қауышса ол менің ең жақын достарымнан саналады».

Бақара сүресінің 273-аяты қанша жерден Асхабы Суффа жайлы түссе де, үкімі жалпылықты қамтиды. Алла разылығы үшін дұшпанға қарсы күзетте тұрған, Алла разылығы үшін тізесін тоздырып, медресе оқыған немесе Алла разылығы үшін өмірін халыққа қызмет етуге арнаған және мал-мүлкі жоқ, нәпәқасын табуға мүмкіндігі болмағандар я да шамасы келмеген кедей мұсылмандар бұл аяттың үкіміне кіреді. Бұл санағандарымыз қайырымдылық пен садақа берілетін ең көркем жерлерді құрайды.

Сол себепті, ықылас пен дәрежеңіз күндіз немесе түнде, ашық немесе жария қалай өсіп жатқаны өзіңізше білінбейтіндей арнайы Алла жолында жастық шағын арнаған шәкірттерге беріңіз. Риякерлік пен екіжүзділіктен сақтанып, Алланың разылығын талап етіп, тура жолдан айнымау үшін шынайы көңілмен шамаңыздың жеткенінше ең көркем садақаны жасауды әдетіңізге, мінезіңізге сіңдіру үшін жиі-жиі жақсылық жасаңыз. Алла Тағала қандай жақсылық жасасаңыз оны біледі, сауабын зая кетірмейді.

 

 

Пікірлер Кіру