РАМАЗАНДА ҚАЛАЙ ТАМАҚТАНУ КЕРЕК?

11 наурыз 2024 1863 0
Оқу режимі

- Ауыз ашуды құрмамен бастаңыз! Алла елшісі (с.а.у) құрма мен сүтті адам үшін ең жақсы тағам деп санаған.

- Суды көбірек ішіңіз! Ауыз ашқан соң суды көбірек ішу керек  Сәресі уақытына дейін бірнеше стақан су ішуге тырысыңыз. Егер суды ұнатпасаңыз айран, қантсыз компот, жеміс шырынын ішсеңіз болады.

- Тез шөлдететін тағамдардан бас тартыңыз Күнделікті қолданатын тұзды өнімдерден, тұздалған қияр, қызанақ, түрлі тұзды салаттардан бас тартыныз .

-  Асықпай тамақтаныңыз!  Ауыз ашқаннан кейін алдымен құрмамен су, сорпа, ет қосылған көкеніс тағамдары сияқты жеңіл тағамдардан бастаңыз  Бірден қуырылған тамақ жеуге болмайды. Асығыс тамақтансаңыз асқазаныңыз қорыта алмай ауруларға душар болуыңыз мүмкін.

- Тәттілермен қоштасыңыз! Ас мәзірінен тәттілерді алып тастаңыз. Себебі бұлар ағзаңызды әлсіретіп, қарныңызды тез ашырады. Ауыз ашақаннан соң екі-үш сағаттан соң тәттінің орнына құрма, кептірілген өрік, мейіз, жаңғақ қолданыңыз.

Пікірлер Кіру