Сапарәлі Дәулет Әшірханұлы

20 желтоқсан 2018 4387 0
Оқу режимі

1994 жылы 28-қаңтарда Түркістан облысында  дүниеге келген.  ҚазҰАУ 1-курс магистранты.

Егілдің де езілдің деп үмбетім

Қос дүние тәжісің, я Нәби!
Нұрландырдың әлемді,
Кезіңнен-ақ сен сәби.
Жүзіңнен шуақ,
Сөзіңнен маржан төгілген.
Жолыңнан нағыз,
Жұмақтың төрі көрінген.

Егілдің де езілдің деп үмбетім
Дұға еттің шаршамадың,
Тәһәжжүтпен жалғадың түнге түн.
Үмбетім деп үмітіңді үкілеп,
Әсер етпей тіпті саған ыстық күн
Үмбетіңе махаббатың ыстық тым.
Шарапатың шапағатың бар тағы,
Үмбетімнің сынбаса деп еш сағы.

Құлысың сен Алланың пайғамбары
Қандай бақыт салауат деп өзіңе,
Алла деп алақан жайғандары.
Иман етіп иланған әр сөзіңе
Сахабалар ғашық болған,
Баурап алар бақыт төккен көзіңе.

Түскенде таңдау балаңмен үмбетіңе
Жауап қаттың үмбетім деп,
Ойланбастан сен мүлде.
Расулалла сені сүймеу Мүмкін бе?
Сағынамыз өзіңді біз әр күнде.

Осыншама арнап бізге махаббатты,
Алладан сұрап тағы шапағатты.
Толған неткен керемет мейріміңе
Өсиетіңе лайықты бола алдықпа
Ақыретті ойлап,
Ете алдықпа дүниеге қанағатты.

Я, Алла кешір бізді!
Кейде егер шалыс бассақ,
Пайғамбардан қалған ізді.
Күнәмізді жарылқа
Хабибіңнің құрметіне,
Фирдаус жәннәтіңда
Нәбимен нәсіп ет
Болуға бізді бірге.

Айтсақ-тағы күн сайын салауат мың,
Бұл-дағы аз болады шынымен тым.
Мәлім бізге салауатта болмайды шек,
Жалқаулыққа салынбасақ болғаны тек.

Үйретіп кемшіліксіз, кеңшілікпен дінімізді,
Дұшпанда таба алмаған мініңізді.
Көруді тілеймін Ғафурур Рахманымнан
Мәңгі сіздің мүбәрәк жүзіңізді.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру