Таңқалдырғаны – топырақтың қасиеті емес, Пайғамбарымыздың ﷺ хадисі

29 наурыз 2019 8694 0
Оқу режимі

Алла елшісі (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде былай дейді: «Жер бетінің барлығы маған құлшылық ету үшін арналған және тазалағыш құрал болып табылады. Менің үмметімнен кез келген адам құлшылық уақыты кірген жерде құлшылығын өтей алады»[1].

Жақында ғалымдар топырақтың құрамында жойылуы қиын бактериялардан тазалайтын әрі өлтіретін антибиотиктің болатындығын анықтады. Бұл өз кезегінде Жердің тазалағыш құрал екендігін көрсетеді. Зерттеу барысында ғалымдар топырақты пайдаланып, жойылуы қиын бактерияларды кетіретін тазалағыш сұйықтық ойлап табуды да жоспарлапты. Ұзақ зертханалық зерттеуден кейін олар топырақтың 24 сағат ішінде бактерияларды үрім-бұтағымен жойып жібере алатындығына көз жеткізген. Ал, бактериялардың топырақ қолданылмаған тобы зерттеу барысында 45 есе көбейген.

Қорыта келгенде, ғалымдар егер Жер құрамында антибиотик болмаса, онда адамдар вирустар мен бактериялардан ауру тауып, жойылып кетер ме еді деген болжам жасаған. Дегенмен, Алла Тағала біздің өміріміздің жалғасуы үшін, тазарту құралдарын да жасап қойған. Бізге қалғаны осы бір кереметтерге қарап, шүкіршілік білдіру.  

Қазіргі таңда топырақтың құрамындағы микроағзаларды медицинада қолданады. Яғни, антибиотиктер жасап шығарады. Ол туберкулез және оба ауруларын емдеуде қолданылады. Сондай-ақ, адамның терісін немесе басқа да мүшесін ауыстыру кезінде пайдаланады. Ол ауысқан мүшенің тез бітіп, қалыпты жұмыс жасауына көмектеседі.

Бір шай қасық топырақта Жер бетіндегі адамның санынан да көп тіршілік иелері өмір сүреді. Сондықтан, оны Жер шарының үшінші өмірі десек те болады.

Қарап отырсаңыз, топырақтың осы бір қасиетін Пайғамбырымыз (с.ғ.с.) өз заманында қалай білген десеңізші. Бізді таңқалдырғаны топырақтың қасиеті емес, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисі болатын.

 


[1] Бұхари, 328; Муслим, 521

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру