УАҚЫП – САХАБАЛАРДЫҢ ЖАРЫСЫП ОРЫНДАҒАН АМАЛЫ

05 ақпан 2024 1802 0
Оқу режимі

Алла Тағала Қасиетті Құранда:

 لَنْ تَنَالُوا البِرَّ حَتَّى تُنْفِقُوا مِمَّا تُحِبُّونَ وَمَا تُنْفِقُوا مِنْ شَىْءٍ فَاِنَّ اللَّهَ بِهِ عَلِيمٌ

«Сендер жақсы көрген нәрселеріңді жұмсамайынша жақсылыққа жете алмайсыңдар, не нәрсені жұмасған болсаңдар Алла оны білуші» - деп айтқан. (Әли имран сүресі, 92 – аят)

Мал - дүниенің барлығы адам баласын сүйкімді көрінеді. Сүйгені соншалық ешкіммен бөліскенді ұнатпайды. Ал құдайың сүйген адам сол мал - дүниенің бір бөлігін болсын Алла жолында жұмсайды. Соның бір көрінісі уақып.

Уақып – жерінің, мекемесінің, үйінің пайдасын халыққа беріп, сауабын Алладан үміт етіп, Алланың мүлкі қылу(бұдан кейін оған ешкім иелік ете алмайды).

Алла үшін уақып қылған жанның соңы жәннәт болмақ. Бұған дәлеліміз Пайғамбарымыз (с.а.у) Мәдина қаласына көшіп барған сәтінде су тапшы болатын. Тек сол аймақта «Рума» атты бір құдық бар, ол құдықта бір яһудиге тиесілі еді. Сол сәтте Пайғамбарымыз(с.а.у):

«Кім бұл құдықты сатып алып, оны тазартып мұсылмандарға берсе ол адамға қайтарымы ретінде жәннат беріледі» деген кезде хазіреті Осман отыз бес динарға сатып алып, мұсылмандарға уақып қылды.

Уақып етілген нәрсе басқа адамның мүлкіне өтпейді, мирасқа да қалмайды тек қияметтке дейін Алланың мүлкі болып қала бермек. Хазіреті Омара Хайбар деген жерден бір жер иелігіне өтеді.

Пайғамбарымызға келіп(с.а.у):

 «Ия, Алланың елшісі! Мен осы уақытта дейін бұндай мүлікке қол жеткізбедім. Не істейін бұл жерді»,-деп сұрады. Сол уақытта Пайғамбарымыз(с.а.у):

«Қаласаң өзіңде қалсын, қаласаң оны садақа (уақыф) қыл»,-деп әмір етеді. Осы сөзден кейін х.з Омар  ол жердің сатылмауын, сыйлыққа берілмеуін, біреудің мүлкіне өтпеуін шарт қосып, міскіндер мен жолаушылардың пайдалануын әмір етті.

Сахаба Жәбір былай дейді:

 «Сахабаларыдың арасында жағдайы жеткеннің барлығы мал-мүліктерін Алла жолында садақа(уақыф) қылатын еді».

Осылай жасау арқылы қаншалаған жанның батасын алып, бұл дүниеде және ахретте сауапқа кенеліп, Алла мал-мүлкімізге берекет береді.

Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у)былай дейді:

يتْبعُ الميْتَ ثلاثَةٌ: أهلُهُ ومالُه وعمَلُه، فيرْجِع اثنانِ ويبْقَى واحِدٌ: يرجعُ أهلُهُ ومالُهُ، ويبقَى عملُهُ

«Мәйіттің соңынан үш нәрсе ілеседі. Оның екеуі кейін қайтады. Біреуі онымен бірге (қабірде) қалады. Оның соңынан - отбасысы, мал – дүниесі және істеген амалдары ілеседі. Отбасы мен дүние - малы кейін оралып, істеген (амалдары) қалады». 

Міне, егер мүлкімізді уақып қылып Алла үшін беретін болсақ өлгеннен кейінде бұның сауабы келіп тұрады. Уақып қылған мүлкі жығылып, қирап, бұзылып кеткенше оның сауабы жалғаспақ...

 

Оразбай Нұрбол ҚАБЛАНҰЛЫ

Пікірлер Кіру