Жастарда жалған діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру – уақыт талабы

07 маусым 2018 11759 0
Оқу режимі

Жастарда жалған діни ағымдарға
қарсы иммунитет қалыптастыру – уақыт талабы

 

Ресми статистика бойынша республикамыздағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастарымыз жалпы халық санының 27,5% құрайды, немесе 4,5 миллионнан астамы. Жастар арасындағы дін ұстанушылықтың өсуі анық байқалады. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша 2003 жылы өзін «діндар» есептеген жастардың үлесі 38,7% құраса, 2013 жылғы көрсеткіш 73,9%[1] өскен. Яғни, жастар арасындағы дін ұстанушылық 10 жылда екі есе өскен.

Сондықтан, бүгінгі таңда мемлекеттік саясат бағдарламасы бойынша көптеген алдын алу шаралары, әртүрлі жалған діни ағымдар идеологияларына қарсы иммунитет қалыптастыру үшін жастармен өткізіледі.

Негізгі әлеуметтік және демографиялық кезеңдер адамның жас кезінде өтеді: білім алу және оқу, мамандық таңдау және қоғамға бейімделу, рухани қағидалар мен бағыттары, қарым-қатынас ортасы қалыпатсады.

Жастардың қалада тұратын бөлігі 56 % құрап, 44% ауылдық жерлердегі жастардан сәл асады[2]. Әлеуметтік зерттеулер нәтижесі жастардың көпшілігі дәстүрлі конфессия ұстанымдағы азаматтар екенін көрсетеді.

Жас азаматтардың басым бөлігі өз ұлтына дәстүрлі есептелетін діндерді ұстанады. Мысалы, қазақ азаматтарының 96,9% сауалнамада өзінің мұсылман екенін, ал орыс ұлтты жастардың 92,9% православ екенін айтты. Нақты бір дін ұстанушысы болуына не әсер етті деген сауалға (2011 ж.) қатысушы қазақ азаматтарының 18,6% немесе әр бесіншісі жеке таңдау жасағанын айтты. Халықтың 79,3% ата-анасы арқылы берілген дінді ұстанатынын білдірді[3]. Осылайша, Қазақстанда діни көзқарас ата-ана себепті қалыптасатыны жайлы тезисі өзінің ақиқатын табады.

Байқағанымыздай, қоғамның белсенді бөлігі болып табылатын жас буын дінге берілген болып келеді, бұл көрсеткіш өсіп кел жатыр, бірақ діндар деп қабылданғанмен де діни тәжірибеге қатыспайды. Мұндай құбылысты «үстіртін дін ұстанушылар» деп атаймыз. Дін ұстанушылардың басым көпшілігін 67 % «пассивтілері» құрайды. Олар дін ұстанушы қауымның арасында аз белсенділік танытып, өздерін дінге сенуші деп атайды. Сондықтан, жастардың жаппай діндарлығы жайлы айтылған бұл жайтты да ескерген жөн.

Бүгінгі таңда, жастардың діндарлығы үстіртін, олар үшін діни рәсімдерге аз қатысып, ішкі сенім сипатындағы діндарлық тән.

Бүгінгі таңда, жастардың діндарлығы үстіртін, олар үшін діни рәсімдерге аз қатысып, ішкі сенім сипатындағы діндарлық тән. Олардың дін жайлы түсініктері анық емес. Мысалы, кейбір діни мейрамдарды батыс мәдениетінен алады, соның ішінде – әулие Валентин күнін тойлау.

Сарапшылар жастар арасындағы дін ұстанушылықтың үш түрін анықтайды:

  1. Саналы – діни қағидаларға рационалды/түсінікпен еріп, толықтай/жартылай ұстану (сыртқы бейне, сөйлеу ерекшелігі, құлшылық түрлері);
  2. Таңдаулы – күш салуды, уақыт пен қаржы жұмсауды талап етпейтін рәсімдерді орынау;
  3. «Мода» – уақыт, орта, өмірдегі қиындықтар және т.б. себепті.

Зерттеулер жастарда терең діндарлықтың жоқ екенін көрсетеді. Мүмкін, бұл құдайға сенушілік емес, діндарлықтың «мода» болуынан. Жастардың бұл ерекшелігінің екі жағы бар. Біріншісі, жастарымыздың терең діндарлығына әкелуі мүмкін. Екіншісі, жастардың діни ілімді терең түсінбеуі және діни ақпараттың аз болуы интернет желілеріндегі әртүрлі діни экстремисттік ағымдардың діни сауатсыздықты өз мақсатында қолдануына әкеліп соғуы мүмкін.

Осылайша, соңғы жылдары жастардың экстремисттік әрекеттерге қатысулары өзекті мәселе болып тұр. Қалыптасқан құндылықтарды жоққа шығарушы, орнына қатыгездікті дәріптейтін экстремисттік ілімдер мен көзқарастары қоғам үшін, жастардың психикасы үшін өте қауіпті. «Молодежь» ғылыми-зерттеу орталығының қорытындылауы бойынша экстремисттердің 55% 17-29 жас аралығын құрайды[4]. Байқағанымыздай, халықаралық діни экстремизм насихаттауы белсенді түрде жастарға бағытталған.

Сондықтан, діни сауатсыздықты белсенді қолданатын радикалды діни құрылымдардың арбауы мен ықпалына түспей, ажырата білуге қабілетті болуы үшін жастарымызбен алдын алу шараларын өткізу өте маңызды.

Мұндай жағдайда жастар айтылғанның бәрін қабылдай береді. Бұл жағдайда жастарға бірінші болып, дұрыс не қате ақпарат беруші жеңеді.

Сондықтан, жастарымызға жалған діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру уақыт талабы болып табылады.

 

Дереккөз: Астана қаласы әкімдігінің дін мәселелерін зерттеу орталығы

 

 

 


[1] Білім беру мекемелерінде тәрбие жүргізудегі инновациялық әрекетті жүзеге асыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар жинағы.
Көкшетау 2016 / http://sc0015.esil.akmoedu.kz/documents/view/cd899f3af7125d073747256fec3c5b26.html
[2] Каратаев А. Жастар және дін  /  http://agartu.com/index.php?newsid=1037
[3] «Қазақстандық қоғамның дүниетанымындағы дәстүрлі, ұлттық және діни құндылықтары» тақырыбы бойынша жасалған әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша. 47 бет.
[4] Буканова Ж.К., Каримова Ж.К., Амреева Л.М., Зайниева Л.Ю. и др. Национальный доклад «Молодежь Казахстана – 2014». – Астана: НИЦ «Молодежь», 2014. – С. 152.

Дереккөз: Астана қаласы әкімдігінің дін істері мәселелерін зерттеу орталығы

Пікірлер Кіру