Жексенбай Қайыпұлы

21 желтоқсан 2018 4145 0
Оқу режимі

1972 жылы 5-наурызда Монғолия Бай-Өлке аймағында дүниеге келген. 1994-1999 жылдары Цэнгэл сұмынындағы Нұр-Ислам мешітінде ұстаз,1999-2011 жыл аралығында осы мешітте имам қызметтерін атқара жүріп 2002-2008 жылдары ауылдық  АӨҚ-ының басқарма мүшелігіне сайланған. 2011 жылдан Руханият толық орта мектебінің директоры қызметін атқарып келеді. 

Рахым нұры

Хақ иенің жеткізген Ұлы Дауысын,
Көңілге күн, жүрекке жылы маусым.
Хақ Елшінің төгіліп шапағаты,
Үмметіне Алланың нұры жаусын.

Жүректе имани гүл тұрады арман,
Шақырып мәңгілікке шуақ алдан.
Шығамын елжіреп бір бұла арнадан
Есімің аталғанда мұнарадан.

Шапағатшы Ол, үмметке ғарасатта.
Сардары Ол, әмір берер дара сапқа.
Ұстазы Ол, жол көрсеткен болашаққа,
Падиша Ол, ғылымменен парасатқа.

Ол дегенде жүрек жоқ селт етпеген.
Рухың нұрға шомып елтет денең,
Сәруәр-деп сарғайған сағыныштар,
Көздерден жас боп құлар мөлтектеген.

Арман тұнған, нұр асқар белді көрем,
Жарық сәуле тек содан енді дер ем.
Әбіл-хайат тамшысы одан тамған,
Таңғы шықтай, тап-таза мөлдіреген.

Сақта Алла!
Адам емес пенде етуден,
Таппаспыз ондай нұрды жер бетінен.
Рахым Пайғамбары мейрімінің,
Көңілдер пәк күйімен тербетілген.

Жүректерден төгілген мөлдір өлең
Әр көңілде ту болып желбіреген
Пайғамбар раузасы үстіндегі,
Мединенің аспаны елжіреген.

Ақиқат  арманменен шағылысқан
Жүректерден махаббат жалыны ұшқан
Сахараның аспан  сарғыш тартқан
Сахабалар сарғайған сағыныштан

Ұлы Алланың ұласып дәрһақына
Ұлы ісі үлгі боп қалды артына
Адамзаттың айналды өнегесі
Рухани сусаудың шәрбатына

Иманның есіп мәңгі жылы ұшқыны.
Тасиды рух нұры,
Ырыс құны
Бүлкілдеп...
Басқан жері Пайғамбардың
Үлпілдеп...
Тұрар жүрек тыныштығы

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру