Жұмабекұлы Мұқият

20 желтоқсан 2018 4022 0
Оқу режимі

1997 жылы 19-қазанда Қытай Шыңжаң автономиясы, Бұратала қаласы, Аралтоғай ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда Ақмола облысы,  Қосшы ауылындағы «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани» республикалық қарилар даярлау Орталығында білім алуда.

Пайғамбарлар падишасы

Қайта келмес нар тұлға, батыр, бек те,
Сүйікті құл дүние, ақыретте.
Сәруар қолбасшыға мың салауат,
Алладан сәлем болсын Ахмедке.

Бал-бұл жансаң шығады түрленіп күн,
Өнегеңнен сүйсінген түрге еніппін.
Бұрынғылар арманда өткен екен,
Үмбетің боп, шүкірлік, үлгеріппін.

Адамзатқа сүннет пен теңдеп Құран,
Жол көрсеттің, амалға еңбек қылам.
Тым болмаса түсіме еніңізші,
Мейіріміңе Хабибі шөлдеп тұрам.

Көрсеттіңіз сынақтың сабырын сіз.
Қиындықта қайыспай арыдың жүз,
Асхабыңа айтыпсыз сағындым деп,
Сіз сағынған болашақ бауырың біз.

Надандық дәуірімен тоғылыстың,
Қайыр етті Бір Алла соңын істің.
Ібілістің ізінен адамзатты,
Аман еттің сұлтаны болымыстың.

Төрткүл елге жайылған әмірлігің,
Сүннетің үмбетіңе тәлім бүгін.
Жуан билер жолықса, сағынтады,
Қара қылды қақ жарар әділдігің.

Пасықтық патшалықтар теңселді тез,
Бақыт ғасыр сіз болған өркенді кез.
Қараңғы жүректерге шуақ төккен,
Мүбәрак жылы жүзің көркем мінез.

Құлшылығың жалғасқан таңнан-таңға,
Падиша келген барлық пайғамбарға.
Табаның тиген жерді көзбен көрсем, 
Өмірде одан артық арман бар ма ?!

Бар мұсылман жұмақта жиылса екен,
Мүміндерге кәусарың құйылса екен.
Рахманның рақымы жауып бізге,
Асыл тәж шапағатың бұйырса екен.                 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру