АДАЛ ҰРПАҚ БОЛЫҢДАР!
24 сәуір 2024
1707
0
Оқу режимі
Ата-ана деген бір жұрт бар,
Баладан көңілі қалмайтын.
Бала опасыз болса да,
Арамдыққа бармайтын.
Қашып кетсе баласы,
Соңынан оның қалмайтын.
Хабарласпай кетсе де,
Жолын тосып зарлайтын.
Не деседе жұр оған,
Ештемеге нанбайтын.
Таусылғанда амалы,
Амандық тілеп ойлайтын.
Үзіліп бара жатқанда,
Тапсыруын қоймайтын.
Жақсы-жаман болса да,
Қылығына тоймайтын.
Ата-анадай кең пейіл,
Кім бар айтшы ойлайтын.
Осы жұрт ғана емес пе,
Адамдығын жоймайтын.
Үлкен жүрек соларда,
Қажымайтын, солмайтын.
Оққағарың осылар,
Бар пәледен қорғайтын.
Көріпкелде осылар,
Болашағыңды болжайтын.
Батасын алмай кеткендер,
Жолы болмай сорлайтын.
Салиқалы ұрпақ бол,
Мұндай іске бармайтын.
Ренжітсең бұларды,
Тілегің қабыл болмайтын.
Адал ұрпақ болыңдар!
Алла сүйіп қолдайтын.
Күншайым ЖАТҚАНБАЕВА
Пікірлер
Кіру