Адамды сауыт секілді қорғайтын дұға

07 наурыз 2019 22885 0
Оқу режимі

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұл дұғаны таңғы және кешкі уақыттарда үзбей оқығандығын айтып: «Расында, адам баласы таңертең немесе кешке өзін не күтіп тұрғанын білмейді», − деген. Осы дұғаға қатысты Мунәуидің «Файдуль-қадиир» атты еңбегінде Ибн әл-Қайим: «Кімде-кім бұл дұғаны үзбей оқыса, қаншалықты ізгілікті дұға екендігін түсінеді әрі көптеген пайдасын көреді. Бұл дұға адамды Алланың қалауымен көз тиюден де сақтайды. Ал егер көз тиген болса, оның кері әсерін жояды. Әйтсе де, бұл, осы дұғаны оқыған құлдың иманының беріктігіне, тәуекелінің бекемдігіне және жүрегінің тазалығына байланысты. Шүбәсіз, бұл дұға − оқыған адамды қорғайтын сауыт іспетті», − деген[1].

Оқылуы: Аллаһуммә инни әс'әлукә мин фәж'әтилхайри уә ә‘уузу бикә мин фәж'әтиш-шәрри.

Мағынасы: Уа, Алла Тағалам! Сенен тосын жақсылықтар сұраймын. Сондай-ақ, күтпеген жамандықтардан сақтай гөр деп, бір Өзіңе сыйынамын!


[1] Мәжма‘у әз-зәуәйд, 10-том, 115-бет; Муснәду Әби Я‘ла, 6-том, 106-бет;  Файдуль-қадиир, 5-том, 10-бет

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру