АМАНАТ ТҮСІНІГІ

13 қараша 2023 2229 0
Оқу режимі

Адамдардың аманат еткен мүлкін қорғауға, берілген істі лайықты орындауға мән беру қажет. Сенімді болу, қоғамдық өмірде өте қажет. Сенімділік, өзі мен сөзі бірдей болу, қоғамда жоғары бағаланатын қасиеттер. Ісінде туралықтан айнымайтын, берген сөзінде тұратын, аманат берілсе аманатқа қиянат жасамайтын адамдар, қоғамда қашанда құрметке ие болады. Раббымыз, «Ей, иман етушілер! Аллаға және Пайғамбарға қиянат жасамаңдар. Біле тұра өз (араларыңдағы) аманаттарыңа да қиянат жасамаңдар» дейді. (Әнфал сүресі, 27-аят). Құран Кәрімде мүміндердің ерекшеліктерін санамалаған кезде «Олар, аманаттарын және берген сөздерін орындайды» (Мүминун сүресі, 8-аят) делінеді.

 Пайғамбарымыз, аманатқа қиянат жасау екіжүзділіктің белгісі екендігін  айтады.(Бұхари, «Иман»,24) Мүминдер, Пайғамбарымыздың «әмин(сенімді)» екендігін ешқашан естен шығармай, қоғамда сенімді, үлгілі адам болуға тырысулары керек.

 

Пікірлер Кіру