АҚЫЛ АРТЫҚ БОЛМАЙДЫ...

07 қараша 2023 3067 0
Оқу режимі

☆. Ерте тұруға үйрен!
☆. Майда нәрселерді дерт етпе!
☆. Барлық кезде жаңа нәрсе үйренуге бейім бол!
☆. Қызмет етуді әдетке айналдыр!
☆. Қарсыласқан әрбір нәрседе Жаратқанның ізін назардан қалдырма!
☆. Жете алмай жүргеніңді емес, қолың жеткен нәрсені ойла!
☆. Ешкімнің сөзін бөлме, сөйлемін аяқтама!
☆. Басқа пікірлерден аз да болса дұрыстық үлесін ізде!
☆. Істеген жақсылықтарыңды жасыр!
☆. Қайтпай ұстанатын пікірлеріңді жұмсартуға тырыс!
☆. Адамдардың әртүрлі болатын түсін, сыпайы бол!
☆. Анда-санда болса да, көңіл-күйіңнің түсуіне рұқсат ет!
☆. Барлық нәрселерді иемденуге тырыспа!
☆. Кемшіліксіз бола алмайтыныңды мойында!
☆. Күнде алғыс пен рахмет айтуға да , уақыт бөл!
☆. Бір уақытта бірнеше нәрсе жасауға тырыспа!
☆. Адамдарды сынға алудан тыйыл!
☆. Қазіргі жағдайыңмен бақытты болуға тырыс!
☆. Өзіңнен басқалардың бәрін білімді деп ойла!
☆. Жақсы не жаман ой қар сияқты барған сайын үлкейіп таудай проблема шығаратынын естен шығарма!
☆. Сезімге адал бол, серігің секем алмасын!
☆. Барлық адамдардың келісімін ала алмайтыныңды ұмытпа!
☆. Өмірдің шындығын өзі бойынша қабылда, себебі өмірде әділеттілік бола бермейді!
☆.  Сөйлеуден бұрын ойлан!

Пікірлер Кіру