АУРУДЫҢ АЙТЫЛА БЕРМЕЙТІН ЖАСЫРЫН СЕБЕПТЕРІ

14 қараша 2024 637 0
Оқу режимі

Әдетте барлық ауру жүйкенің тозғанынан болады деп жатады. Шынында, әлемнің жетекші психологтары барлық ауру адамның жан дүниесіне байланысты екенін растайды. Төменде ел ішінде көп кездесетін кейбір кесел түрлері мен оның жүйкемен тікелей байланысы туралы баяндаймыз.

Шаштың түсуі. Ол бас сүйектегі қысымның шектен тыс артуынан болады. Соның салдарынан шаш түбіндегі «қапшықтар» қысылып қалады да, жансызданады. Үнемі ашуланып жүру, стресс, уайым мен көп ойлану шаштың жиі және уыстап түсуіне себеп болады. Әсіресе ер адамдарда дегеніне жете алмау, мақсатының орындалмауы, өзін төмен санау, қызметтегі бәсекелестік үнемі ширығуға жеткізеді де, содан шаш сиреп, бірте-бірте таз болуына әкеледі.

Саңыраулық, құлақ ауруы. Ағзаның жағымсыз, негативті ақпаратты қабылдаудан бас тартуы біраз жылдардан кейін құлақ ауруына әкеп соқтырады.

Бас ауруы. Бас ауруы көбіне мазақ, кемсіту, реніштің салдарынан болады. Егер сізде бас ауруы жиілесе, онда оның түпкілікті себебі не екенін ойланғаныңыз жөн деп жазады «Ауырмаңыз!» парақшасы. Психологиялық тұрғыда бұл кедергіні жойыңыз, сонда бас ауруынан құтыласыз.

Мойын ауруы. Бұл ауру өмірге бейім емес, проблеманы басқа – екінші қырынан қарай алмайтын адамдарда кездеседі. Өмірде біржақты шешімдерді өзгертуге тырысыңыз, яғни кез келген мәселенің екінші қыын түсіну үшін мойын бұрыңыз, сонда әлдеқайда жеңілдеп қаласыз.

Тамақ ауруы. Тамақ ауруы өзіңізге деген сенімділік пен жауапкершілікпен тікелей байланысты. Егер өзіңізге деген сенімділік артса, тамақ ауруы біртіндеп азайып, соңында одан түбегейлі құтыласыз.

Арқа (желке) ауруы. Арқа ауруы (желкенің тартылып, құрысуы) көп жағдайда моральді түрде қолдау жетіспеген адамдарда пайда болады. Қарақұс тұсының жиі тартылып ауыруы эмоционалды қолдау жетіспеген адамдарды жиі мазалайды. Ал екі жауырын ортасы ауырса, онда бұл төтенше жағдайдан қорқу, уайымдаудан пайда болады, ал арқаңыздың төменгі жағы – белге жақын тұсы ауыруы қаржылық қиындыққа байланысты болады екен.

Кеуде (төс) ауруы. Өзінен гөрі өзгеге шектен тыс назар аударатын, өзіне уақыт таппаса да, өзгеге жәрдемге жүгіре жөнелетін адамдарға тән.

Кеудедегі (омырау, өкпе) қатерлі ісік деп жазады «Ауырмаңыз!» парақшасы. Адам өзіндегі қуанышты, сол сияқты жағымсыз, жайсыз эмоцияны шығарып тастағаны жөн. Әсіресе реніш, ыза іште сақтала беретін болса, ол беріш болып қатып, түйін болып «тесіп» шығары сөзсіз. Адамның ішіндегі шерін біреуге айтса, жылап алса жеңілдеп қалуының сыры бар: кеудеге жиналған жүк кетеді.

Жүрек ауруы. Жүрек ауруы қуаныш пен махаббат аздығынан, тіпті жоқтығынан пайда болады деседі. Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа толы, сондықтан өзіңізге өзіңіз проблема жасамаңыз, өмірдің әрбір сәтінен қуаныш көре білген де жақсы.

Асқазан ауруы. Көбіне өміріндегі өзгеріс пен жаңашылдықты қабылдай алмайтын, жауапкершілігі төмен адамдарда кездеседі. Асқазан жарасы өзін толыққанды сезіне алмайтын адамдарды да жиі мазалайды. Бұл проблемадан шығу жолы – өзіңізге деген махаббат пен сенім.

Өттегі тас. Ұйқыны қашырған мазасыз, жаман ойлар мен мақтаншақтық символы. Өмір жайлы тек жақсы ойлаңыз.

Аналық және аталық бездерінің ауырсынуы. Бұл дұрыс ойлана алмау, ойыңызды толық және дұрыс жеткізе алмаудың белгісі. Әрдайым жақсы ойда болыңыз және пікіріңізді іркіп қалмаңыз.

Ревматизм. Көбіне өзге адамдарды сынаудан туындайды. Ревматизмнен құтылу үшін позитивті болған жөн.

Байқағандарыңыздай, аурудың көбісі адамның көңіл-күйі, мінезі мен ойлауына тікелей байланысты. Сондықтан жақсы ойлап, позитивті болып, өзіңізді бағалай біліңіз!

 

Жарас ҚАСЫМ.

«Ауырмаңыз!» парақшасынан алынды»

 

Пікірлер Кіру