АЗ СӨЗ – АЛТЫН…

09 қазан 2023 2288 0
Оқу режимі

Зерттеу бойынша, әйелдер ерлерге қарағанда 3 есе көп сөйлейді, ер адамдар күніне 7 мың сөз айтса, әйелдер 20 мың сөзді айтып үлгереді екен. Есесіне, бикештер шапшаң сөйлеп, әңгіме айтудан ләззат алатын көрінеді.

         Осы біз қандай сөздерді айтып жүрміз? Үйде, жұмыста, достарымыздың арасында не айтамыз? Осы туралы ойланып көрдіңіз бе?

         Бір хадисінде Алла елшісі (с.ғ.с.): «Кімде-кім Аллаға және ақирет күніне иман келтірсе, игі сөздер айтсын немесе үндемесін» дейді.

        «Басқа пәле – тілден» деген халқымыз да тіліміздің өзімізге жау екенін меңзеген. Ғайбат сөйлеу, біреуді жамандау, менсінбеу – наданның ісі.

        Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адам айтқан сөзінің мағынасына мән бермей сөйлейді және сол бір ғана сөзі үшін тозақтың батыс пен шығыс аралығындай ұзақ жеріне түседі» деп бір ғана аңдамай айтқан сөз үшін ақиретте азап шегетінімізді айтқан. Сондықтан, қанша ашуланып тұрсақ та сабырлылық танытып, әр сөзімізді бізден бұрын шайтанның айтып қоюына жол бермеген жөн. 

       Әр сөзімізді періштелер жазып, тіркеуде. Ал сол сөздің жақсы не жаман істердің қатарына қосылуы өзімізге ғана байланысты екенін ұмытпайық.

 

Пікірлер Кіру