БАЛАНЫҢ АТА-АНА АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫ

17 мамыр 2024 2220 0
Оқу режимі

Біздің мына жарық дүниені көріп, қарнымыздың тоқ, деніміздің сау, ақылымыдың бүтін болып, барша нығметтерге бөлеген алдымен Аллаға шүкіршілік етіп, содан соң осының бәріне себепкер болған ата-анамызға алғыс білдіруге тиіспіз.

       Олар бар өмірін бізге арнады, біздер үшін көптеген қиыншылықтарды көрді, балапанын қорғаған қарлығаштай таң ата ұядан ұшып кетіп, кешке Алланың берген ризығымен бізді тамақтандырды, қызғыштай қорып, мәпелеп өсірді. Әрине, ата-ана ақысын түгелдей құтылу мүмкін болмас. Бірақ та әрбір перзент келесі міндеттерді орындауы тиіс:

1.     Ата-анаға ешқашан қатты сөйлемеу, тіпті «уф» деп айтпау. Сондықтан Алла тағала: «Раббың бір Өзіңе ғана құлшылық етуді, ата-анаға барынша жақсылық жасауды үкім етті. Егер олардың біреуі немесе екеуі қолыңда қартайса, (оларды ауырсынып немесе жақтырмаған сыңай танытып), тіпті: «Түу», - деп кеюші болма, сондай-ақ оларға зекіп ұрыспа! Керісінше, оларға жанға жағымды жылы сөз айт!» - деп бұйырған («Исра» сүресі, 23-аят).

2.     Қандай жағдайда болса да, ана-анадан рұқсат сұрау. Олардың рұқсатынсыз ешбір істі бастамау.

3.     Бала ата-ана үшін қанша жаста болса да сәби болып қала береді. Сондықтан олардың бізді кішкентай баладай көруіне түсіністікпен қарау;

4.     Біз үйге келгенше тосып отыратынын естен шығармай, қоңырау шалып жағдайыңызды айтып қою;

5.     Барынша көңілдерін аулап, жылы сөздеріңізді аямау;

6.     Сый-сыяпат жасап тұру;

7.     Ауырып қалса, төсек тартып жатқан жағдайда күтім жасау;

8.     Олар қайтыс болған соң үнемі дұға бағыштап, еске алып тұру, зиярат ету.

       Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ата-анаға бағыну – Аллаға мойынсұну. Оларды ренжіту – Алланы ренжіту» - деген.

       Тағы бір хадисінде: «Алла жаратқан ең сүйікті адамдар – жұмыс істеп жүріп намаз оқығандар және ата-анасына жақсылық жасаушылар» - делінген.

 

 

Пікірлер Кіру