БАЙДАЛЫ МЕН МАЙТОЛЫҚ

03 қыркүйек 2023 2934 0
Оқу режимі

Ағайынды Торайғыр мен Шоң әкесі өлгеннен кейін араздасып, кергісіз болыпты. Сонда Түсіп дегеннің шақыруымен Байдалы қарт татуластыруға келеді.

Байдалы Шоңның ағасы Торайғырға былай дейді:

—     Торайғыр мен Шоңбысың мақтап жүрген,
Бар білгенің осы ма сақтап жүрген?
Араздасып екеуің аулақ кетсең,
Құзғын қарға жемей ме жақтап жүрген!

Сонда Торайғыр «айтқаныңды қабыл алдым» дейді. Байдалы «әуелі аға бауырдан болады, іні тастан болады, ініңнің барда аяғына жығыл» дейді. Торайғыр «мақұл» дейді. Бірақ Байдалы аз ойланып: «Жұртқа бұл жаман үлгі болар»,— деп, інісі Шоңға былай дейді.

—     Қарағай бойы қар жауса,        
Жұтамайды сауысқан.
Қанды қалпақ кисе де,
Шыдамайды туысқан.
Оңғандықтың белгісі  
Өзі ұрысып, табысқан.
Оңбағанның белгісі  
Өткен істі қуысқан.

Сонда інісі Шоң ағасы Торайғырдың ел тұрмай ертемен үйіне келіп, түндігін ашып, шәугімін асып жатқанда, Торайғыр төсектен басын көтеріп алып, ет жүрегі езіліп, інісі Шоңға:

—     Жақсы кісі ақылымен тәуір болады,
Мінезі қорғасындай ауыр болады,
Құлағы өсекті естімейтін сауыр болады,
Кедейдің жалғыз керіндей
Құйрығы шолақ, арқасы жауыр болады.

Осы мінездің сенде біреуі де жоқ, біреудің тілі тиіп қалса, қолы тиіп, сүйегімізге таңба болып қала ма деп өтірік араз болып жүр едім деген екен.

 

Пікірлер Кіру