БІЗГЕ ҒЫЛЫМ ДА, ДІН ДЕ, ФИЛОСОФИЯ ДА, ТАРИХ ТА, ТІЛ ДЕ БӘРІ БІРГЕ ШАРТ…

18 маусым 2024 1426 0
Оқу режимі

Адамда көз, құлақ, тіл, тері, мұрын сияқты сырты 5 сезім мүшелері бар. Олар көрі, есту, дәм, иіс, ыстық суықты сезу қызметтерін атқарады. Фараби атамыз айтпақшы, көздің көру функциясын жүзеге асыруы үшін жарық шарт, сол сияқты құлақ естуі үшін де ауа шарт…

 Бұл шарттар тек тірі адамға арналған. Өлі адам үшін 5 сезім де, 5 шарт та бос. Сол сияқты бүгін “тірі қазақты” өрге сүйрейтін тек ғылым ғана дегендер көбейіп жатыр. Дұрыс, бірақ нұқсан! Тірі қазақты өрге ғылым, дін, философия, білім, өнер, мәдениет… бәрі бірге ұлттық болмыс пен санатқа қосады.

 Бұлар да тірі қазақты қоршаған танымдар. Осылардың ішінде қазаққа ғылым ғана керек деп шорт кесу, жоғарыдағы 5 сезімнің бірі мысалы “көз” ғана керек дегенмен бірдей. Сондықтан ғылымға ұмтыл ол үшін білу, тану шарт; философияға ұмтыл ол үшін білу, тану, сезу шарт; дінге ұмтыл ол үшін білу, тану, сену; сезу, мойынсұну шарт.

Қараңыз Фараби айтпақшы, ғылымға 2 акция білу мен тану; философияға 3 акция - сезу, білу мен тану шарт; ал дінге 5 акция - сену, білу, тану, сезу, мойынсұну шарт. Бұлар адамның ішкі танымдық акциялары. Сыртқы бес және ішкі бес акциялар. Бәрі керек. Тарихи таным ол да адамның қорғаны, егер ғибрат ала алсаң…

Мысалы позитивизм, атеизм қысымынан ұлт ретінде “өле жаздап” әрең шықтық.

Неге?

 Себебі ол кезең идеологиясында адамды қоршаған танымдардың тек біреуі ғана басым болды: ғылым. Оны ғылымпаздық гегемониясы десек те болады. Онда дін, аңыз, миф, фалсафа, мистика, жыр, дастан сияқты қабаттар бос қалды, шеттетілді. Соңында ұлттық құндылықтар солды. Көрдіңіз бе, тірі қазақ болып, ел қатарына, жахандағы үдерістен адамдық санатқа ие болу үшін бізге ғылым да, дін де, философия да, тарих та, тіл де бәрі бірге шарт… кәдімгі 5 сезім мүшелері сияқты.

 

(С) Dosay Kenjetay

 

Пікірлер Кіру