Бұл дұғаны әрдайым оқып жүріңіз!

22 қаңтар 2019 10027 0
Оқу режимі

Дереккөздерде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы дұғасына қатысты бізге жеткен екі түрлі хадистің бірін белгілі сахаба Әбу Хұрайра (р.а.) жеткізген. Әбу Хұрайра (р.а.): «Бірде Әбу Бәкір (р.а.): Уа, Алланың елшісі! Маған күн сайын таңертең және кешкісін оқитын бір дұға үйретсеңіз жақсы болар еді, – деп өтініш жасады. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.) досының өтінішін кері қайтармай оған осы дұғаны оқуды ұсынды», − деген. Осы дұғаға қатысты екінші хадис Әбу Үмәмадан (р.а.) жеткен. Әбу Үмәма (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.) бір сахабаға осы дұғаны үйретіп, оған әрдайым оқып жүруді тапсырғандығын айтқан[1].

ОҚЫЛУЫ: Аллаһуммә инни әс'әлукә нәфсән бикә мутмә'иннәтән ту'мину билиқаа'йкә уә тарда би қадаа'йкә уә тәқна′у би ‘атаа'йкә.

МАҒЫНАСЫУа, Аллам, Өзіңмен жан тыныштығына бөленген, Өзіңмен қауышатынына кәміл сенетін, айтқан үкіміңе разы болатын және бергеніңе қанағат ететін нәпсі сұраймын!

 


[1] Файдуль-қадиир, 4-том, 521-бет; Му‘жәм әл- кәбиир, 8-том, 99-бет; Тәфсир Ибн Кәсиир, 4-том, 512-бет

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру