ДІНДЕ ШЕКТЕН ШЫҚПАУ ТУРАЛЫ

15 мамыр 2024 1682 0
Оқу режимі

Сенім мәселесіне қатысты «Таным тұнығы» кітабындағы ақидалық мәселелер және оның түсіндірмелерінен үзінді ұсынып отырмыз.

 «Ислам  –  шектен  шығушылық  пен  нақыстықтан, (иләһи  сипаттарды)  ұқсату  мен  жоққа  шығарудан, тағдырды мәжбүрлік деп көру мен оны мойындамаудан, Алланың  жазасынан  қауіпсізбін  деп  есептеу  мен рахымынан түңілушіліктен ада орта жол».

Түсіндірмесі:

Алла Тағаланың діні әртүрі айыптардан, ауытқушылықтардан ада, оңға да, солға да бұра тартпайтын тура жол. Жаратқан иемізді жаратылыстарға ұқсатпаймыз, Оның  сипаттарын  теріске  шығармаймыз.  Құдайдың қаһарынан құтылдық деп есептемейміз әрі рахымынан мақұрым қалдық деп түңілмейміз.

«Міне,  осы  –  біздің  дініміз  әрі  сыртқы  және  ішкі танымымыз. Біз осы айтып өткен, баяндаған нәрселерге қарсы  келетін  адамдарға  мүлде  қатысымыз  жоқ екендігімізді білдіріп, Аллаға қайырыламыз. Алла Тағаладан иманымызды берік қылып, сан алуан әуейі қиялдан, түрлі пікірлерден,  мушәббиһа,  муғтазила,  жәһмия,  жәбрия, қадария  және  Сүннет  пен  жамағат  жұртына  қарсы келіп, адасуға бейім жүретін басқа да теріс ағымдардан аулақ  қылуын  сұраймыз.  Біздің  оларға  еш  қатысымыз жоқ. Біздің пікірімізде олар адасқандар, кері кеткендер».

Түсіндірмесі:

Біздің  дініміз,  ұстанған  танымдық  жолымыз  осы. Аталған  ұстанымдарға  қарсы  шыққандарға  еш қатысымыз жоқ. Алла Тағаланың сипаттарын жаратылыстық  қасиеттерге  ұқсататын  мушәббиһа  сияқты, сол сипаттарды жоққа шығаратын муғтазила сияқты, иләһи  сипаттарды  терістейтін  жәһмия  сияқты, пендеде  ерік  жоқ,  ол  бәрін  істеуге  мәжбүр  етілген дейтін  жәбрия  сияқты,  пенде  өз  ісін  өзі  жаратады дейтін қадария сияқты адасушы топтардан аулақпыз.

Алладан тура жолдан айнытпауын тілейміз.

 

«Таным тұнығы» кітабынан

Пікірлер Кіру