ДІНИ ҰҒЫМДАР: шариғат және шариғат заңы

05 маусым 2024 1730 0
Оқу режимі

 قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: فِعْلُ الْمَعْرُوفِ يَقِي مَصَارِعَ السُّوءِ. (هب)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Қайырымдылық жасау (жақсылық істеу) жаман жағдайға түсуден сақтайды”. (Бәйһақи, Шуғаб ул-иман)

Шариғат – сөздікте ашық жол деген сөз. 

Термин ретінде; дін мағынасымен қатар, діннің құлшылыққа, іс-амалға қатысты үкімдері дегенді де білдіреді. Бұл шәрғи шәриф деп аталады. 

Шариғат заңы дегенде үш түрлі үкім ескеріледі:

Итиқатқа (сенімге) қатысты үкімдер, амалға қатысты үкімдер және ахлақи үкімдер. 

Mәселен, Aлланың бірлігіне, қаза мен тағдырға сену итиқади, яғни сенімге қатысты үкімдер. Мұны сөз ететін ілім İлми кәлам деп аталады. Ғибадатқа, (сауда, неке тәрізді) әрекетке қатысты үкімдер - іс-амал үкімі. Мұны сөз қылатын ілім Ілми фиқһ деп аталады. Жаман қылықты тастап, ахлақи көркеюді, әдемі әдеп жыюды және рухани мәртебе алуға қатысты үкімдер болса – ахлақи үкімдер. Мұны сөз ететін ілім – тасаууф. 

Пікірлер Кіру