ДҮНИЕ-МҮЛКІН АҚЫРЕТКЕ ЖІБЕРУ

11 сәуір 2024 1558 0
Оқу режимі

Молла Нуреддин бин Атауллаһ ел ішінде «Үшбаш» есімімен танылған ғалым адам. Маниса, Изник, Стамбұл Әюб Әнсари және Едірне Үш шерефелі медреселерінде мүдәрристік қызмет жасаған.

1534 жылы қайтыс болған. Қабірі Фатих, Қарагүмрікте жасатылған ғимарат-кешеннің жанында.

Молла марқұм қолының қаттылығымен, дүние жинағыштығымен аты шыққандығы бар еді. Бір дирхам жұмсаса, ренжіп, бір динардан артық жұмсап қойса, жоқтау айтардай болатын. Үстіне кигені де ескі-құсқы киім болатын.

Осылайша үнеммен есепсіз мал-мүлік, қаншама ақша жинайды. Кейін бұл жиған-тергенімен садақа жариа ретінде үйіне жақын жерге мешіт пен медресе салғызады. Медреседегі жағдайы жоқ ұстаздар мен шәкірттерге қажетті заттар мен оқуы үшін көптеген кітап уақып етеді.

Сұлтан Сүлейменнің бас уәзірі Ибраһим паша бір күні Молламен сөйлесіп отырып:

«Сіздің алтын мен күміске деген құмарлығыңызды елдің бәрі біледі, сонша жиғаныңызды ойламаған жерден қалайша осынша мал-мүлкіңізді қайыр-жақсылыққа  сарп ете қалдыңыз?»-дейді. 

Сонда Үшбаш Молла былай деп жауап береді:

 «Дұрыс айтасың, менің алтын-күміске құмарлығым ерекше. Тіпті, жақсы көретінім, соншалық, бұларды дүниеде де қалдырмай, ақыретте те өзіммен бірге болсын деп қайыр-жақсылыққа жұмсап, ақыретке жібергім келді».

 

 

Пікірлер Кіру