ҒИБАДАТТАР ЖАСАУ КЕЗІНДЕ...

10 мамыр 2024 1503 0
Оқу режимі

Ғибадаттар жасау кезінде сені асықтырушы нәпсіңмен күрес, әрі нәпсіңнің қалауына бағынба...

Имам Мухаммад ибн Солих әл - Усеймин (Алла оны мейіріміне бөлесін) айтады :

Намазда тұрған кезінде өз нәпсіңмен тартыс табасың, сонда онымен арпалыс...

Нәпсің саған: " Тездет! Тездет! Тездет " - деп айтады.

Бірақ, сен оған бағынба!

Қайта сен, нәпсіңе:

"Мен анық білемін, мен өмірімнен осы сәтте әрі осы амалмен пайда аламын" - деп айт.

Егер осы сөзімді сезсең, өміріңнен тек осы және осындай амалмен ғана пайда алатыныңды түсінсең, одан (намаздан, ғибадаттан) арыстаннан қашқандай қашасың ба, әлде тыныштық табасың ба?

Жауап беріңдер ей жамағат!

Әрине, тынышталасың!

Бауырым, осыған ойлан:

"Аллаһу Акбар" деген кезінде ішкі дүниеңде "Бол - Бол!" деп асықтыратын бір нәрсе табасын.

Бауырым сол сәтте: "Асықпа, Асықпа, Асықпа, өйткені маған өмірімнен осыдан басқа ештеңе жоқ, қабірімде, өлім алдында әрі қиямет күні маған осыдан басқа ешнәрсе пайда әкелмейді" - де.

Тыныштал бауырым!

Сондай - ақ, намазда тұрғанда кіммен сөйлесіп тұрғаныңды есіңе ал!

Кіммен сөйлесіп тұрасың, әй бауырым?!

Әлбетте, сен өзің бәрінен де артық жақсы көрінетініңмен; Алламен сөйлесіп тұрасың.

Сен білмедің бе: "Барлық мадақ Әлемдердің Раббысы Аллаға тән" - деген кезіңде, жеті қабат аспанның үстінен Алла Тағала:

"Құлым Мені мадақтады" - деп айтатынын?!

Сен білмедің бе: "Аса Рахымды, ерекше Мейірімді" - дегеніңде, Алла Тағала:

"Құлым Маған мақтау айтты" - дейтінін?!

Сен білмедің бе:

"Қиямет күнінің Иесі" - десең, Алла Тағала:

"Құлым Мені ұлықтады" - деп айтатынын?!

Сөзсіз, осының бәрі рас!

Сен білмедің бе:

"Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!" - деген кезінде, Алла Тағала: "Бұл Менімен құлымның арасындағы нәрсе" - деп айтатынын?!

Сен білмедің бе:

"Бізде тура жолға баста" - дегеніңде, Алла Тағала: "Ал, бұл құлым үшін, ендеше құлыма сұрағаны болсын" - дейтінін?!

Енді, осыдан асқан қандай жақсылық бар өзі?!

Олай болса, сенімен сөйлесіп тұрған, барлық нәрсеге Құдіреттінің алдынан қалай қашасың?

Әй, бауырым!

Өзіңді біл, өзіңді біл(кім екеніңді) және не үшін жаратылғаныңды?

Алламен ант етемін! Егер осы сезімді сезе білсек, кез - келген құлшылықты жасау бізге жеңіл бола түсуші еді, әрі дүниенің барлығы бізге арзан болушы еді (ешбір құны қалмас еді)

Егер дүниенің құны масаның қанатына тең келгенде, Алла Тағала кәпірге бір тамшы су да бермес еді.

Алламен ант етейін!

Алайда, дүниенің құны - Алланың алдында ұша алмайтын сол қанаттан да төмен екен.

Міне, осылай имам Ибн Қойим жырлаған болатын, әрі ол рас айтқан.

 

 

Пікірлер Кіру