ИБН ХАЛДУННЫҢ АРИСТОТЕЛЬГЕ АЙТҚАН ҚАРСЫ ПІКІРІ

25 қыркүйек 2024 1165 0
Оқу режимі

Ибн Халдунның Аристотель айтқан "Адам саяси жануар", деген ұстанымына қарсы пікірі.

Ойшылдар арасындағы пікір қайшылық пен ғылыми тұжырымдарын терістеу көріністері ойшылдың өзін жоққа шығару емес екендігін әлі қабылдай алмай келеміз. Мысалы, Әл-Фараби Аристотельдің "Метафизикасын" быт-шытын шығарып, "Ужуд" философиясын жазды. Сол үшін әлемге "Екіншісі Ұстаз" атанды. Сол сияқты Әл-Фарабидің "Қидам" философиясы да Аристотельдің "Әлемнің бастауы" деген ұстанымын тас-талқан ету мақсатында жазылған. Аристотель тұжырымдарына қарсы қатты пікір айтқан көптеген ойшылдар арасында Ибн Халдунда бар.

Ибн Халдун Аристотельдің "Адам ижтимағи хайуан" деген пікірін жерден алып, жерге салып, сөз соңында: "Адам тәлім үйрене алатын жалғыз тіршілік иесі. Адамға ілім жүктелген. Адам мен хайуан арасын тәлім мен ілім ажыратады. Қайсы бір жан тәлім мен ілімге ден қойса адамдық қасиеттері мен дәрежесі артады. Қайсы бір мемлекет тәлім мен ілімді басшылыққа алса тұғыры биік болады", деген пікірін айтқан.

 

Пікірлер Кіру