ІЛІМ МЕН АМАЛДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

18 қаңтар 2024 2045 0
Оқу режимі

Әлиден (р.а.) былай риуаят етілді: «Уа, білімділер! Білімдеріңмен амал етіңдер. Өйткені, (нағыз) ғалым – білімімен амал еткен, білімі мен амалы бір-біріне сәйкес адам». (Сүнән Дарими)

Имам Ғазали Әййүһәл-Велед атты еңбегінде ілім мен амалдың қажеттілігі жайында былай дейді:

“Әй, жігітім! Aз да болса амал жасаудың қамын ойла. Мынаны біліп қой; тек ілімнің өзі адамды тозақ/жаһаннам азабынан құтқара алмайды. Яғни адамға қиямет күні жалғыз ілім меңгергендігі жетпейді. Оның мысалы мынадай: 

Өзінде ең тәуір қылыштан он қылыш және басқа қару-жарақтары бар адам сахарада өзіне бас салған арыстаннан қорғану үшін қару-жарақтың жанында тұрғанына бола сенімді бола ала ма? Арыстаннан қорғану үшін қаруын қолданып бір амалмен оны қууға тиіс. Міне, осындай адам ілім меңгеріп түбіне жетсе де және оны басқаларға үйретсе де өзі амал жасамайынша ілімнің оған еш пайдасы тимейді.

Амалсыз ілімнің пайда бермейтінінің бір мысалы мынау: Біреу қызуы көтеріліп яки басқа бір кеселге душар болса, ол дертке дауа болар дәрі-дәрмекті алып, бірақ қолданбаса, тек ол дәрінің қасында тұрғаны оған ем болмайды.

Пікірлер Кіру