«ІШТАРЛЫҚТАН АРЫЛЫП ЕДІМ…»

02 тамыз 2024 1574 0
Оқу режимі

Ғұлама Асмағи (Алла оны рақымына бөлесін) былай деп әңгімелейді.

 «Бірде сахарада жасы жүз жиырмаға келген тың бір ақсақал бәдәуиді көрдім. Жасының ұлғайғандығы бір бөлек, мені ширақтығы таң қалдырды. Таңданысымды жасыра алмай мұндай шақта қалайша тың жүргендігін сұрадым. Ол: «Іштарлықтан арылып едім. Соның сыйы ретінде Құдайдың маған бергені ғой», деп жауап қатты».

Иә, шындығында іштарлық, көреалмаушылық деген рухани үлкен дерт, адам баласына жараспайтын тірлік. Мұндай теріс әдет кезінде Ібілістің Алла Тағала мейірімінен қуылуына итермеледі. Ақырында адамзатпен мәңгі дұшпан болды. Іштарлық, көреалмаушылық, қызғаныш сезімі бар адам әрдайым мазасыздыққа ұрынып, өзгелердің жетістігі мен дүниесін көрген сайын өмірден түңіле береді.

Мұндай адам Алланың бергеніне разы болмай, күпірлікке ұрынары сөзсіз. Ислам діні адам баласын біреудің қолындағы мүлікті қызғануға емес, керісінше өзімізге не тілесек өзгелерге соны тілеуге шақырады. Ал, біреудің қуанышына қуана алмайтын адам шынайы иманның дәмін ешқашан тата алмайды. Құдайдың біреуге берген бағын қызғанудан, күндеуден аулақ болайық.

Дайындаған –Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

 

Пікірлер Кіру