ИСЛАМ ДІНІ – ҰЛЫ ДІН, МҰСЫЛМАНДЫ ҰЛЫҚТАЙДЫ

25 сәуір 2024 1807 0
Оқу режимі

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَيْسَ الْغِنَى عَنْ كَثْرَةِ الْعَرَضِ وَلٰكِنَّ الْغِنَى غِنَى النَّفْسِ. (ق)

Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген: «(Шынайы) байлық мал-мүлкінің көптігі емес. (Шынайы) байлық – тек қана көңілінің байлығы». (Муттәфәқун аләйһ)

Иран елін Омар (р.а.) кезінде жеңіп алды. Жәннатпен сүйіншілеген сахаба Сағд Әбу Уаққас (р.а.) басқарған ислам жасағы, сол уақытқа дейін көптеген елдерді Ислам нұрымен қауыштырды. 

Омар (р.а.) Қадисия жасағын жинаған Сағд ибн Уаққасқа (р.а.): «Дұшпандарды үлкен санама, Аллаға тәуекел ет. Алдымен жүректі, епті және зерек кісілерден бірнешеуін оларға елші ретінде жібер. Ирандықтарды Исламға шақырсын» - дейді. Сағд (р.а.) бір топ кісіні елші етіп Кисраға жіберді. (М-635)

Елшілердің жанында, қылыштарынан басқа қымбатты зат жоқ еді. Иран билеушісі Яздежірт елшілердің әшекей бұйымдары жоқ болғанын көріп, оларды менсінбей былай дейді: «Мен өмірімде сендер сияқты сорлы бір жамағатты көрмедім! Сендер, бізге аянышты түрде бағынушы едіңіз. Ад қазір соңғы қауіпті болған бір қиялға баттыңыз ба? Бұл батылдығызға не себеп?».

Сол кезде Ислам елшілерінен Әшас ибн Қайс (р.а.) былай деп жауап берді: «Ей билеуші! Айтқаныңыз дұрыс. Біз бір замандар айтқаныңыздан бетер бір жағдайда өмір сүрдік. Бірақ Алла тағала қайырымдылық көрсетіп, бізге ұлы бір пайғамбар жіберді. Біз сол ұлы пайғамбар арқасында надандықтан, жанжал мен өшпенділіктен құтылдық. Дұшпандығымыз бауырластыққа, қайыршы күйіміз бақытқа айланды. Қазір басқа ұлттар да, осы иләһи нұрға қауышуын тілейміз. Қысқасы сізді дінімізге шақырамыз. Егер қабыл етпесеңіз соғысқа дайын болыңыз, басқа амал жоқ». 

Пікірлер Кіру