ИСЛАМ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ БАТЫС ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ НЕМЕСЕ БАТЫСТЫҢ ШЫҒЫСТАН ҮЙРЕНУІ

11 шілде 2024 1683 0
Оқу режимі

Бүкіл әлемде ғылымға қарсы теріс  көзқарас қалыптасып тұрғанда Ислам ғылымы мен білімі зор қарқынмен қанатын кеңге жайып дамып жатты.Оның дамуы өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Бұл кезең Ислам ғылымы мен білімі дамуының «Алтын ғасыры» деп аталатын VII-XVII ғасырлар еді. Аталған 10ғасырда Ислам әлемі ғылымда мол тәжірибе жинақтап,алдына жан салдырған жоқ.Себебі, мұсылмандар елінде дін мен ғылым егіз ұғымдай бірге дамып,бірін-бірі толықтырып отырды,ғылымдінге,дін ғылымның дамуына кедергі келтірмеді,зиянын тигізбеді.Қайта ғылым мен білімде жаңалық ашып,өнер мен әдебиетте табысқа жеткендер құрметке ие болып жатты.Бұл кезеңде Батыс ғалымдары шіркеу инкивизициясының қатал үкімімен қудаланып, түрмеге жабылып,дарға асылып,тірідей отқа жағылып жатқан болатын.Солардың қатарында поляк ғалымы Николай Коперник (1473-1543ж.),ұлы итальян ғалымдары Джордано Бруно(1548-1600ж.) және Галилео Галилеи(1564-1642ж.), нидерланд ғалымы Андреас Везалий (1514-1564ж.)және т.б. болды.Дін иелері оларды діннен безгендер, құдай ісіне қарсы келгендер деп айыптады.

Құран аяттары мен хадистерінің ғалымдар жаңалығына арқау болғанын айттық.Сол сияқты Батыс ғалымдарының ашқан жаңалықтарыда  ислам ғылымынан бастау алды, сол бастамаларды жетілдіріп ,толықтырып отырды, кейде тіпті иеленіп те кетті.Енді ислам білімі мен ғылымының                 «Алтын ғасырында» мұсылман ғалымдары ашқан жаңалықтардың бірсыпырасына тоқтала кетсек ашылған жаңалықтар жан-жақты болып,өмірдің барлық саласын қамтыды.

Медицинада Әбу Әли ибн Синаның (980-1037ж.лат.транскрипциясы-Авиценна) алатын  орны ерекше. Бұхара қаласының жанындағы Афшана ауылында туылған.Ортағасырлық ғалым,дәрігер,философ.Ғылыми жетістіктері үшін «Әлемнің екінші ғалымы», «Шығыстың Аристотелі» атанған.Оның «Дауа кітабы» Ислам әлемінің ғана емес,Европа медицинасыныңда негізін қалап «Медициналық ханзада», «Шейх-ур-райс» деген ұлы есімге ие болды.Оның «Дәрігерлік ғылымның каноны»кітабы Европа тілдерінде бірнеше рет қайта басылып «Медицинаның Библиясы» атанып кетті.Гиппократ дәрінің 200 түрін,үнді тәбибтері 800түрін пайдаланса, Әбу Әли ибн Сина дәуірінде дәрінің 2600-ден астам түрі қолданылды. «Медицина» терминінің де«медет-сина»,                                    «Әбу Әли ибн Сина медет берген»-деп Авиценанның есімімен байланыстырылуыда кездейсоқ емес.

Дамаск ғалымы Алааддин Ибнун Нафис(1210-1288ж) әлемде бірінші болып кіші кан айналу шеңберін және жүректің төрт камералы екенін жазды. Оның ашқан жаңалығын Европалықтар 300жылдан астам уақыттан кейін қайталады.

Кайр ғалымы Аммир ибн Али аль-Маусили X ғасырдың өзінде офтальмалогия саласында ірі табысқа жетіп, көзге операция жасап «Аммир операциясы» деген ұғым қалдырса , Андалусиялық (Испания) дәрігер ибн Рушд (лат.Averroes1126-1198ж) офтальмалогиямен қатар,ислам құқығы, математика саласында ірі табыстарға жетті.

Ислам ғалымдары Рази VIII-IX ғасырдың өзінде (864-925ж) қызылша,қызба ауруларына анықтама берсе,Ибрагим Джессар X ғасырда алапес ауруының таралу жолдарын анықтап,емдеу жолдарын ұсынды.Ал,Ибн Хатиб         (1313-1374ж) тырысқақ ауруының жұқпалы екендігін дәлелдеді.

Фатех Сұлтан Мехмет (1389-1459ж) микробтардың болатынын жазса,ал Комбур Весим атты ғалым (1761жылы қайтыс болған) туберкулез ауруының микробын анықтады.Неміс ғалымы Роберт Кох бұл індеттің қоздырғышын 1882 жылы ғана анықтауға қол жеткізді.

Мұсылман ғалымдары медицина ғылымының ғана емес алгебра, геогрофия және химия ғылымдарында негізін алғашқы болып қалады. Алгебраның – «аль жабр» географияның- «жағрапия»,химияның – «аль химия» тәрізді мұсылман сөздерінен өрбігені сөзіміздің дәлелі іспеттес.

Алгебраның негізін Аль-Хорезми (780-850 ж.) VII-VIII ғасырларда қалады. Ол алгебра пәні бойынша ең алғаш жазылған «Аль-Джабр уа-ль-Мукабиле» кітабының авторы «Аль-Джабр» сөзі батыс ғалымдарының айтуына қарай өзгерістерге ұшырап «Алгебра» болып кетті. Оның бұл кітабында геометриялық теңдеулер мен тригонометриялық таблицаларда орын алады.

Әбу Райхан әл-Бируни (973-1048ж. Қарақалпастан,Бируни қаласы). Орта Азиялық энциклопедист ғалым. Негізгі еңбектері ғылымның математика, астрономия, физика, геология және т.б. салаларын қамтиды.Ол дүниенің гелиоцентрлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын, ал денелердің жерге қарай тартылуын Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын болжаған.

Мұсылман ғалымдарының ішінде Беттани (858-929ж) деген ғалым тригонометрияның негізін қаласа, Абул- Вафа (940-998ж) деген ғалым тригонометрияға тангенс, котангенс,косеканс деген терминдерді енгізді.

Сонымен бірге И.Ньютон (1642-1727ж) ашты деген бином формуласын алгебраға алғаш енгізгенде мұсылман ғалымы Омар Хайям (1040-1123ж) болатын.Ньютонның меншігіне саналып келген дифференциальды есептеу тәсілін одан әлдеқайда бұрын Сабит бин Гурр қолданған екен. Сонымен бірге геометриялық алгебраны да алғаш рет көпшілік ойлайтындай Декарт емес, Сабит бин Гурр қолданыпты.

Қәзіргі таңда мұсылман ғалымдарының математика,алгебра және жалпы есептеу жүйесіндегі жаңалықтарын мойындағандықтан және қолдануға ыңғайлылықтан болар бүкіл Әлем бойынша жер шарынан бастап  Ғарыштық кеңістікке дейінгі аралықта 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 тәрізді араб цифрлары қолданылады.

Француздың “chiffre”, немістің “ziffer”,ағылшынның “cipher”, сонымен бірге ағылшындар мен француздардың “zero” сөздері арабтардың «сифр»-«бос» деген сөзінен шыққан.

Жалпы мұсылман ғалымдарының математика, алгебра, геометрия, тригонометрия ғылымына сіңірген еңбектері туралы  батыстың белгілі ғалымы проф. Жан Рислер: «Біздің өркендеу дәуіріміздің математикадағы ұстаздары мұсылмандар болды» десе, француз ғалымы проф. Э.Ф. Гаутье «Европа өркениеті алгебра ғана емес, математиканың басқада салаларыда   мұсылман ғалымдарының ашқан жаңалықтарымен толықты» – деп зор толғаныспен  мойындады.

Мұсылман ғалымдары география ғылымындада табыссыз болған жоқ. Атап айтар болсақ  Мұхаммад ибн Абдуль-Азиз аш-Шариф аль-Идриси (1100-1165ж.) әлемге ірі ғалым-географ ретінде танылды.Ол әлемнің біраз  бөлігін шарлаған жиһанкез болды.Навигациялық приборларды ойлап тауып, Жер шарының картасын жасады.Ибн Батути (1304-1369ж.) барлық континенттер мен материктерді аралап  географиялық және тарихи құндылықтарға қол  жеткізсе, Эвли Челебидің (1611-1682ж) ғылыми жазбалары  география ғылымының дамуына зор үлес қосты.Бірнеше ғасыр бұрын Бируни Америка туралы болжам жасаса, Пири Раис(1465-1554ж) өзінің «Китаби-Бахриия» атты  еңбегінде Американың бар екендігіне толық сенім білдірді. Идриси(1100-1166ж.) атты мұсылман ғалымы осыдан 850 жыл бұрын қазіргі заманғы картаға  ұқсастығы жағынан өте жақын келетін әлемнің географиялық картасын құрастырып шықты.Христофор Колумб (1446-1506ж.) өзінің ғылыми жазбаларында Атлант мұхитында құрлықтардың бар екендігін  мұсылман ғалымдарынан білгендігін баяндаған.

Мұсылмандардың химия ғылымындағы табыстары туралы сөз қозғағанда Джабир бин Хайянды (721-805ж.) еске алмау мүмкін емес. Себебі, ол бүкіл Әлемге «Химияның Атасы» ретінде танымал болды. Британ энциклопедиясында ол химия ғылымының негізін қалаушы деп келтірілген. Джорданоның оны Әлемдік деңгейдегі данышпандар қатарына қосып  қоюы да тегін емес.Оның аталған саладағы жетістіктері  Пристли (1733-1804ж.) және Лавуазьена (1743-1749ж) тәрізді танымал ғалымдарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Ол химия ғылымына кристалдану, еру,қайта айдау тәрізді түсініктер енгізді.

Химия ғылымының дамуына парсы  ғалымы Абу Бакр ар-Развидің де (864-925ж) сіңірген еңбегі мол. Ол ең бірінші болып күкірт қышқылы мен таза спирт алуға қол жеткізді. Ол  химиялық заттарды  фильтрлеу,дистилляциялау, коагуляциялау жолдарын анықтады.Алғаш рет заттарды минеральды, өсімдік және жануар тектес тәрізді топтарға бөлді.Мұсылман ғалымы Башир, Европалық ғалым Брантқа қарағанда фосфорды әлдеқайқа  бұрын анықтады. Олар химиялық заттардан оқ-дәрі жасап, оны зеңбірік арқылы қолдану жолдарын ұсынды. Алғашқы пневматикалық зеңбіректі де Фатех Сұлтан Мехмет  1432- 1481 ойлап тапты.

Келтірілген ғылым салаларынан басқа мұсылман ғалымдары анатомия, биология, ас-трономия, физика, тригонометрия, архитектура, философия және басқада ғылым салаларында зор табыстарға жетіп, Батыс ғалымдарын әлдеқайда артта қалдырды.

 

Батырбек АЙТЖАНОВ

 

Пікірлер Кіру