ХАДИСТЕН НЕ ТҮСІНЕМІЗ?

15 қараша 2024 620 0
Оқу режимі

Сахаба Әнас ибн Мәлик (р.а.) былай жеткізді:

Пайғамбарымыздың ﷺ заманында екі бауыр бар еді. Бірі Пайғамбарымыздың ﷺ қасына келетін (яғни Пайғамбарымыздың жанында жүріп ілім үйренетін және қызмет жасайтын), ал екіншісі (өзі және бауыры үшін де) кәсіп жасайтын. Бір күні жұмыс жасайтын бауыры екінші бауырын Пайғамбарымызға ﷺ (жұмыс жасамайды дегендей) шағымданды.

Сол кезде Пайғамбарымыз ﷺ оған: "Бәлкім сен сол бауырың үшін (қарасып, оған қызмет жасағаның үшін) ризықтандырылып жатқан боларсың" деген екен.

(Тирмизи, 2345)

📍Хадистен не түсінеміз?

1️⃣- Өзіне билік аманат етілген кісіге арызданып проблемаңды айтуға болады

2️⃣- Ілім жолына түскен жанды қолдау, көмектесу ризық-несібеге, берекеге себеп болады

3️⃣- Кім шын пейілмен ілім жолында жүрсе, Алла Тағала оның қажетін өтейтін кісілерді дайындап қояды

4️⃣- Бұл хадисте жұмыс істемеуге, жалқаулыққа итермелеу емес, дүние ісіне қарағанда дін ісінің артық екені, дүниемен қатар ақыретке басымдық беру керек екендігі айтылуда.

❗️Әсіресе ІЛІМ терең жалғасса Ислам да, үкімдері де толыққанды жалғасады

5️⃣- Ілімге берілген жанға қалған бауырлары қолдап түсінік білдірмегенде ІЛІМ ұрпақтан ұрпаққа осылай жетпеуші еді. Кітап оқу, терең мәселені зерделеп қорыту көп уақыт алады, кейде сағаттар бойы отырып қалады...

—————————————————

‎عن أنس بن مالك رضي الله عنه قال: كان أخوان على عهد النبي صلى الله عليه وسلم فكان أحدهما يأتي النبي صلى الله عليه وسلم والآخر يحترف فشكا المحترف أخاه إلى النبي صلى الله عليه وسلم فقال: "لعلك ترزق به" رواه الترمذي

الفوائد

1. جواز إظهار الشكوى لولي الأمر.

2. تعظيم أمر الدين أكثر من أمر الدنيا.

3. من انقطع لطلب العلم والتفقه في أحكام الدين؛ لحفظ شريعة الله، فإن الله يهيء له من يقوم بشؤونه ويكفيه حاجاته.

4. الترغيب في مساعدة أهل العلم.

5. يُرزق الإنسان بسبب من يعيلهم.

6. تنبيه على أنَّ العبد يرزق بغيره، كما في الحديث الآخر: «وهل ترزقون - أو قال: تنصرون - إلا بضعفائكم»

 

Adilhan Jaqsybek

 

Пікірлер Кіру