ХИКМЕТТІ СӨЗДЕР

18 маусым 2024 1773 0
Оқу режимі

Алла тағала адамзатқа 50-60 жылдық, 70 жылдық ғұмыр берген. Бұл пәни дүние көзді ашып - жұмғанша өтіп кетеді. Бірақ адамзат өмір сүрген кезде өлімді ұмытады, нәпсі аммараның ғапылдығы адамды миллион жыл өмір сүретіндей, ешқашан өлмейтіндей ойлап қателікпен бұзықшылыққа барады. Алайда Алланың берген ғұмыры аманат. Ол аманатты барынша жақсы қолдануға тырысып, Алланың көмегімен оның құзырына адам жақсы боп шықсын.

Аллаға әрдайым жалбарыныңыз. Өйткені нәпсі және шайтан сияқты дұшпандар бар.

Жол қаншалықты қымбат болса, дұшпан да соншалықты үлкен. Дүниедегі дұшпандардың ешқандай үкімі жоқ. Ешқандай да олардан қорқып, тартынбаңыз. Не істей алады? Ең соңында не істей алады? Жаныңды алар. Басқа бір нәрсе жасай ала ма? Жаныңды алса ертерек Алланың құзырына барасың. Жаратушы Иеңе қауышасың, Жаннатқа кірерсің. Дүниедегі дұшпандардан қорқу – бұл әбестік. Алайда Алланың ашу-қаһарынан, амалынан қорқу керек. Нәпсі мен шайтанның шырмауынан бүткіл аулиелер Аллаға сыйынған. Сол үшін мүминдер (байнал хауф уа ража) яғни қорқыныш пен үміт арасында болады. «Мен құтылдым, мен оттан аман болам» - деп ешкім айта алмайды. Ең үлкен аулиелер де ондай бір нәрсе айта алмайды. Адамдарда Аллаға жақындаған сайын жүрегінде Алладан қорқуы ұлғаяды.

Фырқай Нажие (құтылғандар тобы) нәпсі аммараның жамандығынан құтылғандар.

«Кітапта (Құран Кәрімде) Алла Тағала 14 ғасыр бұрын әр ғасырда бұл кітапты қабылмайтындарың, миллиондаған, миллиардтаған адамдардың қабылдамағанын, қабылдамайтынын білгені үшін, Алланың ғылымы оны қамтығаны үшін, Алла Тағала кітапқа бастаған кезде бұл кітапта шүба жоқ» - деді.

«Зиялы адамдар тарих оқыған. Адамзаттың сан қилы, әртүрлі тарихи сәттерінен хабардар болған»

«Арлы (сап,таза) мұсылмандық  ақша, пұл ұстағанда белгілі болады»

Пікірлер Кіру