Көркем мінез - Адамдардың қылықтарына сабыр ету

17 шілде 2019 13650 0
Оқу режимі

Абдулла ибн Мүбәрак көркем мінезділікті сипаттап: «Көркем мінез дегеніміз – жайдары болу, игілік істеу мен зиян келтірмеу» деген екен. Тағы бір топ ғұламалар: «Ислам үш нәрседен құралады. Ол: иман, шариғат және көркем мінез. Бойында осы үш қасиет болмаған адам кәміл мұсылман бола алмайды» деген болатын.

Имам Хасанның айтуынша, «көркем мінез дегеніміз – кеңпейілдік, жомарттық пен сабырлылық». Ал Имам Ахмад: «Көркем мінез дегеніміз – ашуды баса білуің және кек сақтамауың, адамдардың қылықтарына сабыр етуің» деген екен.

Қалай болғанда да, пендеге берілгендердің ішіндегі ең абзалы – көркем мінезділік, адамдардың ішіндегі абзалы да – көркем мінез иесі екені анық. Қиямет күні таразыға қойылған нәрсенің ішінде көркем мінезден ауыр нәрсе болмайды. Тіпті, көркем мінез иесі күндіз ораза ұстап және түні бойы намаз оқығанның дәрежесіне жетеді (Тирмизи).

Пікірлер Кіру