КӨЗІҢДІ САҚТА... ТІЛІҢДІ САҚТА…

08 шілде 2024 1610 0
Оқу режимі

Көзіңді сақта...

Дүние, затқа, көзіңді сатпа.

Тоймайды көзің, байлық пен баққа.

Өлгенде тояр, көз топыраққа...

Биіктен қара, бар менен жоққа.

Нәпсі бұзарлық, көрсеқызарлық,

бармақ тістетер, қартайған шақта.

 

 

Тіліңді сақта...

Жөнсіз көп шатпа, сөз тиген шақта,

көп сөйлеп лақпа. Жөн сөзге тоқта.

Бар бәле тілден,

аузынан күйген байланар оққа.

Құлақты сақта...

Түрме әр жаққа.

Құлақ түрсеңіз керексіз затқа,

жүрек кірленіп, толады датқа.

Өмір сүре біл,тас керең боп та,

Ойласаң терең:«Ақылды – керең».

Тым құмар отқа,

көбелек қанатын, күйдірер шоққа...

 Жүректі сақта…

Құдай жақ аққа. Жала да жаппа,

көзің жетпестен, айып та тақпа,

қарғыс та айтпа,

өзіңе ауыр, айналып соқса.

Жолыңды тап та, алданба жоққа.

Арыңды сақта…

Мәңгілік емес, мансап та, тақ та...

Былғағың келмесе арыңда даққа:

Құлақты сақта,

Тіліңді сақта,

Көзіңді сақта...

Әділбек ҚАБА

Пікірлер Кіру